Ақпарат » Страница 17 » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбыл облысы
Шу ауданы білім бөлімінің
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
9 мамыр Жеңіс күні
09
май
2021
9 мамыр Жеңіс күні
Шу қаласы, "Жібек жолы мектеп-лицейінің" ұжымы 9 мамыр Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған, Шу қаласында орналасқан Саду Шакиров ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
Мектебіміздің 2004 жылғы түлегі Лахаева Әсел Төреханқызы
08
май
2021
Мектебіміздің 2004 жылғы түлегі Лахаева Әсел Төреханқызы
Шу қаласы, "Жібек жолы мектеп-лицейінің " 2004 жылғы түлегі Лахаева Әсел Төреханқызы қазіргі уақытта Түркия Республикасында Мәдениет және Туризм Министрлігінде сыртқы істер басқармасында жетекші маман ретінде қызметін атқаруда. Лицейдің ұстаздарына мереке қарсаңында өзінің жылы лебізін Анкара қаласынан жолдауын қабыл алыңыздар!
«Жүрегімді балаларға беремін....»жас мамандар байқауы өтті
04
май
2021
«Жүрегімді балаларға беремін....»жас мамандар байқауы өтті
2021ж. 30 сәуірі күні «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ жас ұстаздардың біліктілігін, өз кәсібінің жан-жақты шебері екендігін сынау арқылы оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш- жігерін жұмсауға баулу мақсатында жас мамандар байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқауға педагогикалық еңбек өтілі 0-1 жыл арасындағы мектептің жас мамандары қатысты: физика пәнінің жас маманы- Берікбай Б.(тәлімгері М.Жакаев), математика пәндерінің жас мамандары: Калден
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске-мәңгілік тағзым!»
28
апрель
2021
Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске-мәңгілік тағзым!»
Ағымдағы жылдың сәуір айының 27 жұлдызында «Мәдени мұра» үйірме жетекшісі З.Б.Ернаурызов 9 сынып оқушыларымен Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске-мәңгілік тағзым!» тақырыбында танымдық сағатын өткізді.Іс шара мақсаты: Жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу, Отан тарихына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым етуге,өз халқының тарихын кұрметтей білуге, дүние жүзіндегі басқа ұлт өкілдерінің
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
27
апрель
2021
«Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
Ағымдағы жылдың сәуір айында «Жібек жолы мектеп-лицейінде» 20 сәуір мен 20 мамыр аралығындағы «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты облыстық айлық барысында 1-8 сынып оқушылары арасында «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тақырыптарында сынып сағаттары жүргізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Сонымен қатар жас жеткіншектерді сақтыққа, аңғарымпаздыққа, мұқият болуға тәрбиелеу болып табылады.
Кибербуллинг
27
апрель
2021
Кибербуллинг
Шу қаласы, "Жібек жолы мектеп-лицейінің" психологтары Ж. Джуманбаева мен Ш.Шауенова мектеп оқушыларына буллинг, кибербуллигті алдын алу мақсатында әңгімелесу жүргізді. Мақсаты: Сыныптағы оқушылардың ауызбіршілікті, төзімділікті, айналадағы адамдарға құрмет пен толерарттылық қатынасты орнату.
ҰБТ бойынша түсіндерме жұмыстары
23
апрель
2021
ҰБТ бойынша түсіндерме жұмыстары
Шу қаласы, "Жібек жолы мектеп-лицейінде" "Электрондық форматтағы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу бойынша" 11сыныптың ата-аналарына жиналыс өткізілді. Онда "бір тестілеуші-бір компьютер-бір камера" принципімен, өтініштерді қабылдау мерзімі, ҰБТ ұзақтығы, ҰБТ-ғы тыйым салынған заттар туралы айтылып, толық ақпарат берілді.
Көгалдандыру жұмыстары
23
апрель
2021
Көгалдандыру жұмыстары
Жібек жолы мектеп-лицейінде "Жас эколог" және "Жас биолог" үйірме жетекшілері Омарова М.М., Айтмахамбетова Е.Ж. үйірме мүшелерімен көктемгі көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.