Ұланбасы 9 сынып оқушысы Асылхан Наргиз » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Ұланбасы 9 сынып оқушысы Асылхан Наргиз
19
февраль
2019

Ұланбасы 9 сынып оқушысы Асылхан Наргиз

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялады. Осыған байланысты мектебімізде 5-ақпан күні «Білімді жастар – ел болашағы» атты дарынды балалар слеті өткізілді. Іс-шара барысында мектебіміздің Ұланбасы 9 сынып оқушысы Асылхан Наргиз өз қатарластарына үндеу жолдады. 
Ол өз сөзінде ҚР The presidentі Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған «Жас Ұлан» Ұйымының негізгі мақсаты балалардың мәдениетінің әлеуметтік жеке тұлға ретінде дамуы мен олардың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық , беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталғандығын айтып өтті. 
Ұланбасы 9 сынып оқушысы Асылхан Наргиз

Сонымен қатар, осындай дарынды ұрпақтарды тәрбиелеу мен білім беру мектеп қабырғасынан басталатындығын сөзге тиек етті. Мына отырған Жас Жігерліктер де мектеп берген тәлім тәрбие мен білім арқылы тек мектептің ғана емес, сонымен қатар Халықаралық жарыстарда Қазақстан халқының атағын шығарып жүрген озат оқушылар. 
«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор» деп Елбасымыз болашақтың қайнар көзі ретінде Біз - жастарға сенім арта отырып, биылғы жылды «Жастар жылы» деп бекітуі тегін емес. Сондықтан БІЗ-ЖАСТАР осы сенімді ақтау мақсатында қазірден бастап мектебіміздің дәрежесін аспандата отырып, Еліміздің де өркендеуінің іргетасы екенімізді дәлелдеуіміз қажет. 
Болашақтың іргесін бірге қалайық!
Болашақ біздің қолымызда Жастар!

«Жібек жолы» мектеп-лицейінің Ұланбасы Асылхан Наргиз.