«Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбындағы дарындалар оқушылар слеті » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » » «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбындағы дарындалар оқушылар слеті
06
февраль
2019

«Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбындағы дарындалар оқушылар слеті

2019 жылдың 05 ақпаны күні «Жібек жолы мектеп лицейі» базасында дарындалар оқушылар слеті өтті. Мектеп-лицей Назарбаев Зияткерлік мектептерінің пилоттық жетекші мектептерінің қатарына енген мектептердің бірі. Зияткерлік мекебінің «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығының барлық жобалары осы мектепте толығымен жұмыс жасап жатыр деуге толығымен болады. Осындай жобалардың бірі – «Даналық бейсенбісі» жобасының жұмысы бүгінгі шарада көрсетілді.

Шараның мақсаты:
1. Дарынды оқушылардың жеке қасиеттерін ашу арқылы, оқушыға деген жеке ізгілік қарым – қатынас көрсету. Әр оқушы бойынан әсемдікті, әдемілікті сезіну, қабылдау қасиеттерін дамыту.
2. Мектепішілік «Жас жігер» ғылыми қоғамының мүшелігіне қабылдау.
3. Мектепішілік «Жас жігер» ғылыми қоғамы президенті мен мүшелерінің ант қабылдауы.

Шараның қонақтары:
1. Мухаммед Хайдар Дулати ат. ТарМУ т.ғ.к., «Стандартизация ж/е метрология» каф.доценті Чернявская Наталья Петровна;
2. ТарМУ «Экономика ж/е бизнес » каф. Доценті, «2017-2018 о.ж. ҚР Ғж/еБМ «Best отқытушысы» мәртебесінің иесі, э.ғ.к. Кожабеков Совет Сейтханович;
3. ТарМУ «Қазақстан тарихы» каф. аға оқытушысы, тарих магистрі Ахатова Гульмира Амангельдиевна;
4. ТарМУ география магистрі, Тижиева Турсынай Шайхсламқызы;
5. ТарМУ студенттері.

Шараның 1-ші кезеңінде дарынды шәкірттеріміз жетекшілерімен бірге залға шақырылды. Мектеп басшысы сөз алып, шәкірттеріне, жетекшілеріне оқуда табыс тілесе, қонақтарға рахметін айтты. А.Т.Джангарашева жақында Тараз қаласындағы НЗМ семинарға барып келген ойымен, жоспарларымен бөлісті.
Көрермендердің назарына мектептің дарынды оқушыларының, атап айтсақ, ғылыми жоба мен пәндік олимпиада жеңімпаздарының құрметіне жасалған бейнебаян ұсынылды.
Болашақта ел тізгінін ұстайтын, еліміздің әлемдік деңгейдегі бәсекеге қабілетті, экономикасы дамыған, өркениет көшінен лайық орын алатын, еліміздің қарқынды дамуына өзіндік үлес қосатын қоғамның негізгі белсенді күші жастар екені сөзсіз.
Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу - алдымен мектепке жүктелсе, кейін ЖОО жүктеледі. Бүгінгі шарамыздың арнайы қонағы ТарМУ т.ғ.к., доценті Наталья Петровна Чернявскаяны ортаға шақырылды.
2019 жылдың 25 қаңтары күні мектепішілік «Жас жігер» ғылыми қоғамының президентінің сайлауы өттті. Осы сайлауға мектептің 5-11 сынып оқушылары мен мектеп ұжымы қатысты. Сайлауға қатысқандардың ішінде көп дауыс жинап ғылыми қоғам президенті болып 9 сынып оқушысы Мухамедова Диана сайланды.
Еліміздің Қазақстан халқына Жолдауында білім мен ғылымды дамыту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері көтерілді. Сондықтан қазіргі заман талабы жаңарып, ұмтылыс жасалуда.
Бүгінгі таңда біздің дарынды оқушыларымыз Еліміздің келешегіне өз үлестерін қосып ант етті. Ант қабылдау рәсімінің сөз кезегін «Жас жігер» лицей ғылыми қоғамының президенті Мухамедова Дианаға берілді.
Өзінің бүгінгі шараға деген жылы лебізін білдіру үшін мектебіміздің Ұланбасы Асылхан Наргизге сөз берілді.
Көрермендердің назарларына 3 жобадан үзінді ұсынылды. 1-ші жұмыс-ізденіс жұмысы, 2-ші жұмыс «Өрлеу» сырттай байқауы жеңімпазының зерттеу жұмысы, 3-ші жұмыс республикалық ғылыми жоба байқауында үздік нәтиже көрсеткен жұмыстарының бірі. Бұл жұмыстардың көрсетілу мақсаты:
Республикалық немесе халықаралық деңгейдегі байқауларға қатысудан бұрын алдыңғы кезеңдері қатаң сақталып, 1-ші -зерттеу, 2-ші саралау, 3-ші практика жүзінде қолдана білу жүзеге асатынын көрсетілді.
Осы шарада республикалық «Скайл академи» ұйымы өткізген пәндік олимпиада қорытындысы бойынша тарих пәнінен үздік нәтиже көрсеткен 10 оқушымыз да жетекшісімен бірге марапатталды.
Осымен марапаттар кезеңі аяқталMay, «Өрлеу» білім-ғылым порталына өз ғылыми жобаларын жіберіп, 1-ші дәрежелі дипломдармен марапатталған оқушыларымызды марапаттаумен өз жалғасын тапты.
АББ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Л.Д.Бегимбаеваға өз жылы лебізін білдіру үшін сөз кезегі берілді.
Ляйля Данабековна да құр қол келмепті, Халықаралық «Дети - будущее нации» байқауының жеңімпаздары Мухамедиева Диана мен Бейсебаева Казынаға төсбелгілері мен куәліктерін табыс етті.
Сонымен қатар шарада дарынды оқушыларымызға табыс етілген төсбелгісінің эскизіне байқау жарияланған. Сол байқаудың қорытындысы бойынша 1 жұмыс таңдалып алынды, сол үздік жұмыстың авторы 9в сынып оқушысы Кабылбекова Аиданы марапаттау үшін қамқоршылық кеңесінің төрайымы Қарсыбекова Азиза ханым сыйлығын ала келіпті.
Шара соңында естелікке суретке түсу рәсімі өтті.