Білімді жастар-ел болашағы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » » Білімді жастар-ел болашағы
20
April
2018

Білімді жастар-ел болашағы

2017-2018 оқу жылында аудан және облыс көлемінде ұйымдастырылған пәндік олимпиадаға, мектебіміздің білімді де, дарынды оқушылары қатысып, өздерінің білімдерін көрсетіп, бақтарын сынады. Оқушыларымыз ұстаздардың еңбектерін ақтап, аудандық және облыстық олимпиададан күткеніміздей жүлделі орындарды иеленді. Осыған орай мектебімізде «Білімді жастар-ел болашағы» атты олимпиада жеңімпаздарын марапаттау кеші өткізілді.
Кешіміздің мақсаты: Оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін насихаттау, ғылыми-зерттеу қызметі мүддесіне ынталандыру, дарынды оқушыларға қолдау көрсету, оқушылар арасында ғылыми білімді тарату.
Олимпиада жеңімпаздарын марапаттау кеші мектебіміздің директоры А. Т. Джангарашеваның құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі оқушылар аудандық, облыстық марапаттаулармен марапатталды Атап айтсақ,
Аудандық жеңімпаздар:
Білімді жастар-ел болашағы
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен Жұмабек Шаттық, Серікбай Әл-Тарази жүлделі II орын, Әділбай Альбина III орын; Орыс тілі мен әдебиет пәнінен Талышинский Фариман I орын және облыстық «Алғыс хатпен» марапатталды, Ағылшын тілінен Каликова Улбосын I орын, Атымтай Нұршолпан IIорын, Ораз Ақбота II орын;Қазақстан тарихынан Бейсебаева Қазына II орын,Елтай Мейәрлан III орын,Көкірекбай Иманғали II орын; Құқықтық білім Тұяхан Аружан II орын; География пәнінен Бостыбаева Гүлім II орын, Қайрат Аружан I орын, Биология пәнінен Исламова Эльнара II орын, Ахунбаева Эхсана I орын, Химия пәнінен Асан Назира I орын,Мажит Алмас III орын Физика пәнінен Джанкиева Аружан II орын, Бөкей Әлия I орын және облыстық «Алғыс хатпен» марапатталды. Амангелді Мөлдір II орын;
Облыстық жеңімпаздар
География пәнінен Қайрат Аружан III орын, Биология пәнінен Ахунбаева Эхсана III орын,
Ұстаздық жай бір сөзден айтылмас құр.
Ұстаздық ұрпақ үшін сарқылмас нұр.
Сондықтан ең қадірлі, қасиетті,
Ұстаздық мәңгі бақи таусылмас жыр.-деп ақын ағаларымыз жырлағандай, адамзат ғұмырындағы ең қажетті мамандықтың бірі- ұстаздық. Бүгінгі жеңімпаздарымыздың биіктен көрінуіне бірден бір ат салысып,білім нәрімен сусындатқан -ол біздің ұстаздарымыз. Осындай олимпиада жеңімпаздарын дайындаған ұстаздарымыз Р.С. Тохтабулатова, А.С. Хаджиева, З. С. Валиева, Б.Б. Болғанбаева және М. Жақаев мақтау қағазымен марапатталып, гүл шоқтары ұсынылды.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас қазына болмақ. Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болатынымызға сенемін»-деп жастарымызға сенім білдіреді.
Білімді ұрпақ-ел болашағы. Ендеше осындай білімді де, саналы ұрпақ әр шаңырақта көбейе берсін!
[/color