Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары
26
September
2023

Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары




Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары  "Орта ,техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы"ҚР БҒМ -нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі 130 бұйрығына сәйкес дайындалады.Осы орайда 26 қыркүйек күні "Жібек жолы мектеп -лицейі"директоры Г.Қ.Тұрлыбек Шу ауданының мектеп директорларына "Мектепішілік бақылау-білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету механизмі" тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді. МІБ жоспарының 6 бағытына егжей-тегжейлі тоқтап,  өткен оқу жылының аналитикалық талдауына сүйене жасаған SWOT талдауы арқылы өз тәжірибесімен бөлісті. Жоспарлау кезінде SMART критерийлеріне ерекше  назар аударуды еске салды. Мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру бойынша сұрақтарға жауап беріп, әріптестер пікірін тыңдады. Семинар қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.