03
November
2020
2020 жылғы педагогтар аттестацияның ерекшеліктері
Толеуова А.И.- ДҒІЖО.
Қазақстан Республикасы Ministry of Education and Science өз алдына мұғалімдердің жеке және кәсіби жетілуіне жағдай жасауды міндет етіп қойды. Педагогтарды аттестациядан өткізудің жаңа форматының мақсаты –білім беру қызметінің сапасын арттыру, мұғалімдерді ынталандыратын жаңа замануи механизмдерді енгізу.
2020 жылғы аттестациядан өтудің ерекшелігі, мұғалім өтінішті бірінші аттестациядан өтуге емес, тестілеуге береді. Ұлттық біліктілік тестілеуден өту үшін, педагог он-лайн түрде тіркелу қажет. Тіркелу барысында тестен өту мерзімін өзі көрсетеді.
Ұлттық біліктілік тестілеудің оң нәтижесі болған жағдайда педагогтің өтініші негізінде одан әрі аттестаттау рәсімі жүргізіледі. Аттестаттау ресми түрде 1 маусымнан басталды және үш ай мерзімінде өтеді. Бүгінгі күні мұғалімдерден аттестациядан өтуге өтініштер қабылданып жатыр.
Аудиторияға ұлттық біліктілік тестілеуін өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін және әрбір педагогтің өткізу пункттеріндегі орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі
Егер педагог тестілеу барысында ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, заңнамаға сәйкес жауап беруге тура келеді.
Аттестаттау мәселелері және үстемақы туралы
2020 жылы аттестаттаудан өткені үшін лауазымдық жалақысына үстемақы қосылған педагогтар саны артуда. Аттесттаттау аяқталған соң 2020 жылдың 1 қыркүйегінен біліктілік санаттары үшін үстемақыны:
– мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
– жалпы орта білім беру педагогтері;
– қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері;
– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері;
– әдіскерлер алады.
Білім беру ұйымдарының педагогтеріне 30%-дан 50%-ға дейін лауазымдық жалақыға үстемақы қосылуы қажет. Олар келесі санаттарға үміттенуге болады:
– педагог-модератор;
– педагог-сарапшы;
– педагог-зерттеуші;
– педагог-шебер.
Санатқа үміткер педагогтер ұлттық біліктілік тест тапсыру қажет, тест қорытындысынан кейін қызметтің қорытындыларын кешенді талдамалық жинақтау жүргізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін: мектепке дейінгі педагогика және психология және мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі бойынша 60 сұрақ.
Жалпы орта білім беру және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері 100 сұраққа жауап беруі қажет, оның 70 сұрағы оқу пәнінің мазмұнына және педагогика, оқыту әдістемесінен 30 сұрақ.
Колледждегі арнайы пәндер бойынша педагогтер 100 сұраққа жауап береді: педагогика, оқыту әдістемесі – отыз тапсырма және қызмет бағыты бойынша – жетпіс тапсырма.
Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін: “Психология негіздері” – отыз тапсырма және “Педагогика, оқыту әдістемесі” – отыз тапсырма.
Әдіскерлер біліктілік тестін дипломға сәйкес тапсырады. Мысалы, егер әдіскердің диплом бойынша мамандығы математика пәнінің мұғалімі болса, тесті математикадан-70 және педагогика, оқыту әдістемесінен 30 тапсырма орындайды.
Сұрақтар мазмұны білім саласында педагогтың атқаратын қызметіне байланысты болады.