«Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » » «Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы
01
July
2018

«Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы

«Жалпыға бірдей білім беру» штабы құрылып, штабтың іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді. Жоспарға сай және жоспардан тыс 10 рет штаб отырысы өткізіліп, хаттамасы жазылып, анықтамалары тіркелді.
Жалпы «Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы төмендегідей іс-шараларды қамтиды:
1. Оқу жылының жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету іс-шараларының жоспарын жасау;
2. Мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамту;
3. Сабаққа себепсіз келмеген оқушыларды анықтау;
4. Тамыз, қыркүйек, қазан, қаңтар, наурыз айларында шағын мөлтек аудандарды аралау;
5. Мектепалды даярлыққа 5-6 жасар балаларды қамту;
6. Оқушыларды медициналық тексеруден өткізу;
7. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету;
8. Рейд жұмыстарын жүргізу;
9. «Қамқорлық» акциясын өткізу.

Мектепке қатысты шағын мөлтек аудандар саны – 11

Оқу жылы барысында 0-ден 18 жас аралығындағы балаларды есепке алуды әр мұғалім жеке дәптерлеріне тіркеп, айлық сайын тексеріп, №2 мөлтек аудан базасына өзгерістер енгізіліп отырды. Мөлтек ауданы бойынша жауапты мұғалімдердің дәптерлерін айлық аяқталған соң, арнайы мектепішілік комиссия тексеріп отырды.
2017 – 2018 оқу жылында жоспарға сай тамыз, қаңтар, наурыз, маусым айларында бақылау жүргізу мақсатында шағын аудандарды аралау акциялары өткізілді.

2018 – 2019 жаңа оқу жылының міндеттері:

1. Жалпыға бірдей білім берумен қамту;
2. Оқушыларды ыстық тамақпен қамту;
3. Мүгедек балаларды анықтау;
4. Оралман балаларды тізімге алу;
5. Тамыз,қыркүйек,қаңтар, наурыз,мамыр айларында есеп жүргізу;
6. Мектептің шағын учаскесінде тұратын оқушыларды есепке алу;
7. Оқушыларды оқулықпен қамту;
8. Жағдайы төмен отбасыларды анықтау;
9. Барлық әлеуметтік топтардағы балаларды анықтау;
10. Жағдайы төмен отбасыларындағы оқушыларға көмек беру.

Ұсыныс:
• Жалпыға бірдей оқумен қамту жұмысы 2017-2018 оқу жылында одан әрі жоспарға сәйкес жалғастырылсын.
• 0-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер есебі жоспарға сәйкес ұйымдастырылсын.
• Штаб мүшелері бұйрық бойынша бекітіліп, штаб отырыстары жоспарлы түрде ұйымдастырылып, өткізілсін.
• «Мектепке жол» акциясы жоспарлы түрде өткізілсін.
• Көп балалы отбасынан және ата-ана қамқорынсыз қалған, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар тегін ыстық тамақпен және оқулықпен қамтамасыз етілсін.
• Денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балалар анықталып, жұмыс түрлері ұйымдастырылсын.
• Тәртібі қиын оқушылармен жеке жұмыс түрі ұйымдастырылып, бос уақыты бақылауға алынсын.
Ішкі істер бөлімімен бірлескен рейд жүргізу одан әрі жалғастырылсын.

ОҚУ ҮРДІСІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2017- 2018 оқу жылының қозғалыс есебі бойынша мектепке 38 оқушы келді, 49 оқушы кетті. Оқу жылын аяқтаған оқушылар саны – 645.
Бастауыш буында (1-4 сынып) – 279 оқушы;
Орта буында (5-9 сынып) – 269 оқушы;
Жоғары буында (10-11 сынып) – 92 оқушы.

2017 – 2018 оқу жылында мектепте 645 оқушы білім алды. Оның ішіндегі оқу үздігі– 283, оқу епінділері – 210, орташа оқитындар – 152.

«Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы

 

 Жалпы 11-сыныпты 43  оқушы  аяқтады. Оның 12-сі «Алтын белгі» төсбелгісінің   иегерлері.  9 сыныпты  44  оқушы  аяқтады. Оның 10 оқушысы  үздік куәлік иеленді.
Мектептегі 10-11 сыныптар саны - 6, оқушылар саны - 78. Барлығы  жаратылыстану-математикалық бағытта білім алғандар.
Оқу-тәрбие  жұмысының жоспары жасалып, атқарылатын жұмыстардың мерзімі белгіленген. Teachersдің сабақтарына қатысуы,  пәндердің жүргізілуі, оқушы дәптерлерінің жүргізілуі, сынып журналдарының жағдайы, UNT- ке, ОЖСБ -ге  дайындық  жұмыстарын жүргізудің сапасы, оқу бағдарламаларының орындалуы  жоспарға енген.  
Оқу жылы  бойында  пәндердің, іс-құжаттардың жүргізілуі  жоспар бойынша  мектепішілік бақылауға алынған, тексерілді: 
- 5 сыныптардың білім, білік, дағдылары ;
- үйде оқытылатын оқушыларға сабақ беретін мұғалімдер жұмысы;        
-оқушылардың жұмыс дәптерлері;                                                      
- оқушылардың жеке іс-қағаздардың жүргізілуі;                                                       
- сынып журналдарының жүргізілуі;
- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жүргізілуі;
- математика пәнінің жүргізілуі;
- орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жүргізілуі;
- тарих, қоғамдық білім негіздері пәндерінің жүргізілуі;
- оқушы күнделіктерінің жүргізілуі;
-  UNT-ға дайындық  жұмыстары;
- факультатив, үйірме сабақтарының жүргізілуі;
- бастауыш  сыныптардағы оқу дағдысы;
- 4 сыныптардағы пәндердің жүргізілуі және оқушылардың білім сапасы;
- жаратылыстану пәндерінің жүргізілуі;
Пән мұғалімдерінің, жас мамандардың сабақтарына кіріп,талдаулар жасалынды.   Жыл сайын емтиханға дайындық жоспары жасалынып,бұйрықтар шығарылып, емтихан материалдары дайындалып бекітілді.  Емтихан бұрышы, емтиханға дайындық кестесі жасалынды.
 
 ОҚУШЫЛАР КОНТИНГЕНТІ:

 

«Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы

«Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы

«Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы

«Жалпыға бірдей міндетті орта біліммен қамтамасыз ету» жұмысы