"Дін проблемаларын зерттеу" орталығы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » "Дін проблемаларын зерттеу" орталығы
12
May
2021

"Дін проблемаларын зерттеу" орталығы

Ағымдағы жылдың мамыр айының 12 күні Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейіне» Жамбыл облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру тобының Жамбыл облыстық әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» инспекторлары Сержан Құлтаев, Бахтияр Амреев және Шу ауданы бойынша «Дін проблемаларын зерттеу» орталығының инспекторы Алпи Бақдәулет Әлдибайұлымен мектебіміздің 9 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесудің мақсаты: жастарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру,қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу,бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің,адамға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екендігін ұғындыру. Кездесу барысында «Радикалды діни көзқарастың жеке тұлға мен қоғамға кері әсері» тақырыбында өзекті мәселелер мен проблемалар туралы терең түсінік беріп, ой бөлісті.
"Дін проблемаларын зерттеу"  орталығы