"Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » "Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу
13
March
2021

"Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу

Шу каласы "Жібек жолы мектеп-лицейінде" 2021 жылдың 11.03 күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Zhambyl region бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Куанышбайұлы, Zhambyl region бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхиевна , "Жаңару" жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Zhambyl region бойынша жетекші, департамент жанынан құрылған ақпараттық - ағартушылық штабының жетекшісі Төлендиев Қасымхан Естемесұлы , Municipal public institution басшысы Жинақбаева Мубарак Касымовна мектебімізде құрылған "Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында қонақтарымыз "Адал-ұрпақ" еріктілер клуб мүшелеріне адамгершілік,адалдық түсініктеріне байланысты сұрақтарын қойып, болашақта қандай мамандықты таңдап отырғанғандығы туралы, "Адал-ұрпақ" клубының атқарып жатқан жұмыстары туралы сауалдар қойып, оқушылардың ойларын тыңдады.





"Адал- ұрпақ" клубының белсенді оқушылары Орынбасар Хадиша, Жанарқұл Самал, Ерхан Айнур,Әбілбек Ерасыл өз ойларын анық әрі еркін жеткізіп, белсенділік танытты. Қонақтарымыз жастарға қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатынын айтып, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек деп айтып өтті.