«Теріс пиғылды діни ағымдар» тақырыбында өтілген дөңгелек үстел » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » «Теріс пиғылды діни ағымдар» тақырыбында өтілген дөңгелек үстел
07
December
2020

«Теріс пиғылды діни ағымдар» тақырыбында өтілген дөңгелек үстел

 Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінде» «Теріс пиғылды діни ағымдар» тақырыбында өтілген дөңгелек үстелдің мәліметі:

      2020 ж. 24 қараша күні «Жібек жолы мектеп-лицейінде» «Теріс пиғылды діни ағымдар» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы 8-9  сынып оқушыларымен дөңгелек үстел жүргізілді. 
      Тарих пәнінің мұғалімі Э. Бекболатованың ұйымдастыруымен бұл дөңгелек үстелге «Жастар ресурстық орталығының» жастарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі СMayлов Мырзабек Жұмабекұлы және «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» Шу ауданы бойынша инспекторы Бағдаулет Әлдибайұлы қонаққа шақырылды. Сонымен қатар мектептің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б. Ернаурызов, тарих пәнінің мұғалімдері Н.Н. Нажетханов, Ж.М. Бахитов қатысты. Дөңгелек үстел барысында 8-9 сынып оқушылары, атап өтсек Елеукен Аружан, Әбділда Айжан, Ғаниқызы Шұғыла, Қазақбай Әбілқайыр «Теріс пиғылды діндер» туралы өз ойларын ортаға салып, келеген қонақтарға өз сауалдарын қоя білді. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.М. Бахитов «Діни экстремизм деген не?» тақырыбында дәріс оқып, оқушыларға діни экстремизм туралы толық мағлұмат берді. Сонымен қатар тарих пәнінің мұғалімі Н.Н. Нажетханов «Теріс пиғылды діндердің» қоғамға тигізер зияны, олардың алға қойған мақсат-мүдделерін жан-жақты талқылап өтті. Келесі кезекте дөңгелек үстелімізге келеген қонақтарымыз да өздерінің «Теріс пиғылды діндер» туралы, ойларын қорыта келіп,олардың қазіргі қоғамдағы ролі, дін атын жамылып, дүнияуи мақсаттарды көздеген, прозелитизммен белсенді айналысып, сенушілерді дәстүрлі діндерден ажыратуды мақсат еткен теріс пиғылды жат ағымдар жүргізген идеологиялық шабуылдардың бірі – қазақ ұлтын христиандықпен ежелден етене байланысқан ел секілді көрсетіп, мәсіхшілікті ата діннен айырғысыз етіп дәріптеу, Тәурат пен Інжілдегі Құранмен сәйкестіктерді өз мақсаттарына пайдаланып, исламды христиандық конфессиялардың берісі – көшірмесі, арысы бұрмаланған visually impaired ретінде танытуға тырысу әрекеттеріне бағытталған дін екенін ажыратып айтып өтіп, жасжеткіншектерді осындай дәстүрлі дінімізге берік болуымызды, басқа теріс ағымдағы діндерден өз бойымыз бен санамызды аулақ ұстауға шақырды. 
Орындаған ДҚТІЖО: З.Б. Ернаурызов