15
December
2020
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! «Дарын» РҒПО ұйымдастырған облыстық олимпиада жүлдегерлері республикалық деңгейге бо

Оқушыларды пәндік олимпиадаға дайындау жұмысын ұйымдастыруҚазақстанды әлемдік деңгейде таныту үшін білім жүйесі бәсекеге қабілетті жоғары деңгейде болуы қажет. Оқу үрдісі уақыт талабымен қаншама өзгермесін, бәрібір тек ұстаз ғана оның мазмұнын оқушы санасына жеткізеді. Шәкіртті оқу үрдісінде мұғаліммен бірдей субъект ретінде танып, дара тұлға ретінде қабылдап, шығармашылық жұмысқа бағыттау, дарынды балалардың қабілеттерін дамытуға қолайлы жағдай туғызу - әр ұстаздың міндеті.
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ балалар дарындылығын арттыру үшін көптеген жұмыстар істелінуде. Солардың ішінде дарынды оқушылар арасында мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық жалпы пәндер бойынша өткізілетін пәндік олимпиадаларға әзірлеу.
Пәндік олимпиадалар - оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс түрінде өткізілетін бірден-бір формасы.
«Дарын» РҒПО 5,6 сынып оқушылары арасындағы өткен облыстық олимпадасында біздің мектеп-лицейдің 6 «В» сынып оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Блинков Данил (Жетекшісі Кобец Н.Н.) ІІІ дәрежелі дипломын иеленсе, 5 «В» сынып оқушысы математика пәнінен Джанкиев Абай (жетекшісі Калден А.) І дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық деңгейге жолдама алды.