ҚР Президентінің жолдауының 9 тарау. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » » ҚР Президентінің жолдауының 9 тарау.
29
январь
2018

ҚР Президентінің жолдауының 9 тарау.

ҚР Президентінің жолдауының 9 тарау.29.01.2018ж. 
Күн тіртібінде:
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынның тоғызыншы бағытын талқылау.

Талқылауға қатысқандар:
«Жібек жолы мектеп лицейі» КММ тарих пәнінің мұғалімі Н.Нұрсаханов: 
Президент Жолдаудың басты міндеттерін атап, Үкіметке бағыт-бағдар көрсетті. 
Бүгінгі қарасырғалы отырған бағытымыз-ол тоғызыншы бағыт

Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Елбасы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күрес жалғаса беретіндігін, ол үшін көп жұмыс істеліп жатқанына тоқталып кетті.

Соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуніктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталған екен.

Осы уақыт ішінде олардың 17 миллиард теңге көлемінде келтірген залалы өтелгені көңілге саялық орнатады.

Мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым-қатынасын цифрландыру маңызды болып саналады.

Атап айтқанда, азаматтар өз өтініштерінің қалай қарастырылып жатқанын көріп, дер кезінде сапалы жауап алуға тиіс.

Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.  

Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.

Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.   

Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет.  

 

ҚР Президентінің жолдауының 9 тарау.

 

         «Жібек жолы мектеп лицейі» КММ директорының ҒӘІЖО Толеуова А.И.:

Елбасының Жодауында қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек деген тапсырмасы қазіргі таңда өте орынды деп санаймын. Бұл тапсырма орындалғанға дейін біз - мектеп ұжымы өз тарапымыздан оқушыларымыздың қауіпсіздігін сақтау мақсатында мектептің тәрбие және құқық бөлімдері ұйымдастырған көше қауіпсіздігі бойынша кезекшілікті жүргізуге әрдайым дайынбыз.

 

         «Жібек жолы мектеп лицейі» КММ директоры А.Т.Джангарашева:

Құрметті әріптестер, бүгінгі талқылап отырған Елбасының Жолдауындағы тоғызыншы бағыт-өзекті мәселелердің бірі  жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

Елбасымыз айтқандай, Сот және құқық қорғау жүйелерін институционалды тұрғыдан өзгерту жүзеге асырылуда. Заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқықтарын қорғау ісін күшейтуді, оның әсіре қатаңдығын бәсеңдетуді көздейтін нормалар енгізілді.


 

Адвокаттардың құқықтары мен сотқа дейінгі сатыдағы сот бақылауының аясы кеңейді.

Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік шегі айқындалды.

Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек деген тапсырмасы қазіргі таңда өте орынды. КММ ұжымы Жолдауды қолдай отырып, оны жүзеге асыруға әрбір мұғалім өз еңбегімен, өз қызметімен өз үлесін қосатындарына үлкен сенім білдіремін. Барлықтарыңызға еңбектеріңізде табыс тілеймін!

 


 



.