ЕСІРТКІ– ғасыр дерті. Дебат. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
05
март
2017

ЕСІРТКІ– ғасыр дерті. Дебат.

ЕСІРТКІ– ғасыр дерті. Дебат.Валиева З.С. Жамбылская область Шу қаласы «Жібек жолы» мектеп лицейі биология пән мұғалімі
І. Кіріспе сөз.

Армысыздар құрметті қонақтар және оқушылар! Бүгін сіздерге мектебіміздегі 1-ші желтоқсан күні өткен «Есірткіге жол жоқ!» атты акция аясында және бүгін, яғни 20 Сәуір бүкіл дүние жүзілік шылым шегушілерге қарсы күрес күніне байланысты «Нашақорлық ғасыр дерті» атты кіріктірілген үлгідегі ашық тәрбие сағатымызды ұсынып отырмыз. Бүгінгі кездесуімізге мектебіміздің психолог маманы, оқу ісі меңгерушісі және дәрігер маманы қатысып отыр.

Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Салауатты өмір салты дегеніміз не? Ол әлеуметтік тұрмыстарды жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, зиянды әрекеттерден аулақ болу деген сөз. Қазіргі кезде етек алған

заманымыздың келесі дерттері шылым шегу, нашақорлық. Өмір – өмір сүру үшін беріледі. Тәрбие сағатымыздың мақсаты – жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. «Денсаулық-зор байлық»

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да қысқарту да өз қолымызда»

Өмірге адам бір ақ рет келеді,
Жастық шағың өміріңнің кемелі.
Күте білсең саулығыңды өрелі,
Табиғаттың бергеннен көп берері.

1- жүргізуші
«Нашақорлық – ғасыр дерті» атты баяндама

Есірткі грек тілінде ұйқы мағынасын білдіретін «nerke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтау, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда, есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимулятор да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені бұлардың құрамында, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Нашақорлық – бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.

Есірткі – химиялық тұрғыдан алғанда улы заттар мен олардың қосындылары болып табылады. Олар түрлі топтарға бөлінеді:
– таза түрде пайдаланатын өсімдіктерден алынатын улы заттар ( марихуана, гашиш, саңырауқұлақтар)
– химиялық өндіруден өтетін өсімдіктерден алынатын улы заттар( гашиш майы, апиын, морфин, героин, кодеин, кокаин, крэк);
– синтетикалық жасанды жолмен алынатын улы қосындылар (экстази, фенциклидин, амфетаминдер, барбитураттар, ВФ және момент желімдері);

2-жүргізуші:
Біздің ата-бабаларымыз кең далада еркін өсті. Олар ойын да, бойын да таза ұстады. Ақыл-ойды улап, адамды есінен тандырып, мас қылатын арақ-шарап дегеннен аулақ болды. Ата-бабамыздың ең сүйікті сусыны – дертке дауа, жанға шипа қымыз еді.

1- жүргізуші:
Есірткі, анаша – ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол – оңай алдырар жау емес екен. Есірткі – бір басын кессең, екінші басы шыға келетін жеті басты жалмауыз сияқты.

2-жүргізуші:
Есірткі бар жерде есірткіні таратушылар да бар. Олар – кісінің көз жасынан , қайғы – қасіретінен алтын ақша тауып отырған қаныпезерлер.

1- жүргізуші:
Сол қаныпезерлердің ең алдымен айналдыратыны – өсіп келе жатқан көкөрім жастар.

2- жүргізуші:
Көкнәр деген шөп болады. Есірткінің біразын осыдан жасайды. «Көкнәрдің көз жасын ішкен адамдар өмір бойы жылап өтеді» деген сөз бар халықта.

1-жүргізуші:
Иә, есірткіге бір берілген адам өмір бойы жылап өтеді. Тек өзі ғана емес, ата-анасын, бауырларын, жанашыр жақындарының бәрін де қоса жылатады.

2-жүргізуші:
Анаша шегушілер бара-бара өздерінің адамдық қасиетінен айырылады. Олар тек қана өзін ойлайды. Оқу, жұмыс жайына қалады.

1-жүргізуші:
Олар өтірік айтады. Ұрлық істейді. Адам тонайды. Ал кейде анаша алу үшін кісі өлтіруден де шімірікпейді.

2-жүргізуші:
Есірткіні шприц арқылы тамырына жіберушілер бауыр ауруына және СПИД дертіне шалдығады.

1- жүргізуші:
Анаша шегушілер – өзін-өзі өлтірушілер.

2-жүргізуші:
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, Ауғанстан мен Тәжікстанда бірнеше мыңдаған тонна апиын сақталып отыр.

1-жүргізуші:
Сол апиын легі бізге келмесіне кім кепілдік береді.

2 – жүргізуші:
Олай болса, сақ болайық, ағайын!

1-жүргізуші:
Ажал тарататын анашадан абай болайық!

2-жүргізуші:
Егер ел боламыз десек, ұлт боламыз десек,

1-жүргізуші:
Ата-анамызға қуаныш әкелгіміз келсе,

2-жүргізуші:
Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі көркем болсын десек,
Екеуі қосылып:
Ел болып, халық болып, анашаны ауыздықтайық! Ғасыр індетіне қарсы тізе қосып күресейік, бауырлар!

1 – жүргізуші:
Сөз кезегін ауылымыздың наркологына береміз.
Маманға сұрақтар қоямыз:

Нашақорға заң несімен қауіпті?
Адамның нашақор екеніне сыртқы белгісіне қарап қалай ажыратуға болады?
Нашақорлықты басқаша қалай атауға болады?
VІ. Рефлексия

2-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, мына жанып тұрған шырақ біздің болашақ өміріміз. Осы жанып тұрған өмірімізді неге өшіреміз, өзіміздің болашақ өмірімізге неге балта шабамыз?

Хормен:
Өз өміріміз үшін күресе білейік!
Салауатты өмір салтын қолдаймыз!

Обратная связь.
Нашақорлық мәселесі бойынша айтылған ойлар сіздерде қандай сезімдер тудырды?

Мұғалім сөзі:

Нашақорлық қоғам дерті. Нашақорлықпен күресуге жалғыз адамның шамасы келмейді. Бұл жерде заң сақшылары нарколог мамандар, ата-аналар және сіздер мен біздер әрбір Қазақстан азаматы шетте қалмау керек. Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.

Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, «Салауатты өмір салтын ұстанайық»- деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды қорытындылаймыз.

Нашақорлық ғасыр – дерті

Адамзат тарихындағы қаншама қанды оқиғаның себепшісі, неше түрлі зұлымдықтардың да бастаушысы «апиын» – болғанын білеміз.

Біздің ғасырымыздың басты дерті – нашақорлық.

Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымыздыда ауыртқымыз келмейді. Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? – деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.

Есірткіге еліктейтіндер негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, жастар қорқпайды нашақор үшін өлім- жалған дүниемен бірдей.

Жастар психологиясына жүргізілген зертеулер, олардың – орта іздейтіндігі, ортасы жоқ жасөспірім жапанда жалғыз қалғандай сезінетіндігі дәлелденген. Ал ортада қай бала жан-жақты пысық, соңынан өзгелерді ерте алатындай қаблеті болса, соған ұқсағысы келіп ұмтылады. Ол жақсы бала ма, жаман бала ма есеп беріп жатпайды, әйтеуір айналасындағылардың түрткісін оятады, ол түрткі немен аяқталады, ол баланың табиғатына байланысты болады.

Бүгінгі күні баланы қызықтыратын орта аз, қала баласы түнгі клуб, би алаңдарын айландырса, ауыл баласы көше тоздырып, арақ-шарап ішуге әуес. Нашақорлар неге көбейіп кетті дейсіз? Оның себебі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлінбеуінде. Жасыратыны жоқ, көптеген ата-ана баласымен тек қана материалдық тұрғыда ғана әңгімелесумен шектеледі, қарның тоқ па, көйлегің көк пе дегендей. Баламен әңгімелесуге, оны не толғандырып жүргенін, оның ортасы қандай, достары кім екенін білуге, жас өспірімнің бос уақытын қайда, қалай, кіммен өткізетіндігін білуге, сырласуға уақыт таппаймыз. Көбнесе ауқатты отбасының балалары қарны тоқтықтан, істейтін іс жоқ болғандықтан нашақорлыққа, есірткі сатушыларға қосылғанын байқамайды да.

Осы орайда «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» деген Ұлы Абайдың орынды тауып айтқан өлең шумағы есіңізге түседі. Жас кезінде адам қызыққыш келетіндіктен қызық көріп, біреулері есірткі дәмін татып көруден бастап, ал екінші біреулері, біреулердің мәжбүрлеуімен нашақор болып кеткендер бар. Есірткіні таратушылар қызық көріп жүрген жастарды, «Инемен салмасаң болды» нашақор емессің, ал біз иіскейміз, одан нашақор болмаймыз деп алдауы да мүмкін. Ал шындығында, жас организм есірткінің дәмін бір рет татқан соң тәуелді болып шыға келеді..Біз бала тәрбиесін мектепке қарай ысырып қойғанбыз, содан кейін сол мектепті кінәлаймыз. Бұл үлкен қателік екендігін, қайта біз мектептің және мұғалімнің беделін, мәртебесін көтеруге ықпал етуіміз керек. Біз бала тәрбиесін уыстан шағарып алдық. Өз ара ұғыну психологиясы ескерілуден қалып бара жатқандығын, от басында ата-ана мен бала бір-біріне суық, рухани адамгершілік тұрғысында отбасында дағдарыс қалыптасты. Бірақ бұл дағдарысты көпшілік сезіне бермейді, өйткені әркім өз кемшілігін өзі көре алмайды, түзей алмайды. Отбасындағы дағдарыс қоғамдық деңгейге қалықтап шықты, осыдан келіп өз арамызда нашақорлар мен араққұмарлар саны арта түсті. Бізде, «бала ертең-ақ өседі, ненің жақсы, ненің жаман екенін өсе келе өзі де біліп алады» деген қате ұғым бар.

Психолог- дәрігерлер: «отбасында бала ішімдік, темекі, есірткі сияқты естен айыратын әзәзіл туралы ерте бастан естігені дұрыс екендігін, бала жаман әдет туралы ерте білсе, соғұрлым тез жиренетіндігін, одан бойын аулақ ұстайтындығын ескертеді.

Күнен күнге психоактивтік заттардың зияндығына қарамастан оны қолданатын адамдардың саны артуда. Жасөспірімдер нашақорлығының әлеуеттік келешегін мамандар алдын ала болжауға болатындықтан олар:

– біріншіден, 12-18 жастағы нашақорлар – бұл ар-ождан принциптері бұзылған, адамгершілік қасиеттері төмен денгейдегі адамдар.Сонымен қатар, есірткі қолдану балаларды жиі қылмысқа итермелейді. Сөйтіп 10-20 жылдан кейін жас өспірім нашақорлық әлеуметтік қауіп тобын құрайды.

– Екіншіден нашақор балалардың көпшілігі өліп кетеді немесе дені сау келешек ұрпақ өсіре алмайды, яғни СПИД, вирусты гепатит, ақыл-ойдың дұрыс болмауы және т.б. аурулар біздің қоғамның дамуына көп қауіп төндіреді.

– Үшіншіден мұндай жағдай қоғамның экономикалық және саяси ахуалына өз әсерін тигізеді, білім және маман әлеуетінің (потенциалын) төмендеуі, жұмыс күшінің азаюы мен есірткі бизнесінің шарықтауы экономикалық дағдарысты одан әрі өсіреді де нәтижесінде тұрақтылық бұзылады. Сонымен қатар есірткі тек оны қолданатын адамға ғана зиянын тигізіп қоймайды, сонымен қатар оның жақындарына, туыстарына және жалпы қоғамдағы адамдарға көп қиындықтар туғызады: 1 нашақор 10 адамның өмірін бұзады. Соңғы жылдары елімізде есірткінің заңсыз айналымы проблемасы жалпы ұлттық сипатқа ие болуда. Есірткі заттарының аса қымбат еместігі, оларға іс жүзінде еш кедергісіз қол жеткізудің мүмкіндігі нашақорлар қатарының кемімей, қайта керісінше үнемі артып отыруына алып келді.

Осыған байланысты, қоғамдық – қасіреттің алдын алу мақсатында жергілікті жерлерде оқушылар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, жастарды спортқа, басқада мәдени ұйымдарға тарта отырып олардың бос уақыттарын кіммен қалай өткізетіндігіне аса көңіл бөлінсе дегім келеді.