«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
01
март
2017

«Мұқағали- мәңгілік ғұмыр!»

Аймаханова Жанна тәрбие ісі жөнінің орынбасары

1-жүргізуші : Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар.
2-жүргізуші: Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Мұқағали –мәңгілік ғұмыр атты мәнерлеп оқу байқауына қош келдіңіздер.
1.жүргізуші: Қуат алып Абайдың тіл күшінен,
Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.
Абай болып табынсам бір кісіге,
Абай болып түңілем бір кісіден.
2. жүргізуші: Өлмеу үшін, құлқынды емдеу үшін,
Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,- деп Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін танытқан , айбынды ақынымыз Мұқағали Мақатаевқа бүгінгі кешімізді арнамақшымыз.
Байқауға қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық
Аты-жөні Сыныбы
Жұмаділда Самал 4 «а»
Қархабат Аяжан 4 «а»
Садықбай Әділет 4 «а»
Жақаева Г 4 «б»
Доғдырбай Аяла 4 «б»
Қазбек А 4 «б»
Ораз Санжар 3 «а»
Әзімхан Анель 3 «а»
Қасен Аманжол 3 «а»
Жалмағамбетова Жансая 3 «ә»
Нурланұлы Нұрбол 3 «ә»
Іңкәрбек Ақерке 3 «ә»
Бейбіт Нұрай. 3 «б»
Ақылбай Аяжан 3 «б»
Карим Анаис 3 «б»

Қатысушыларға сәттілік тілейміз.
1.жүргізуші: «Мұқағали мәңгілік ғұмыр!» атты мектепішілік 3-4 сыныптар арасындағы байқауымыздың қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1. «Жібек жолы» мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бегалиева Гулжан Тастанқызы
2. Бастауыш сынып кафедра меңгерушісі Ибраева Гулнар
3.
2-жүргізуші: Қазылар алқасы қатысушылардың мәнерлеп оқу мәнеріне және сахна мәдениеті бойынша бағалайды.

1. Жүргізуші: Өлең –өнер, оны туа біткен дарын иесі, шын талант қана дүниеге әкеледі, жүрек пен сезімнің отына орап ақ қағазға түсіреді.

2. Жүргізуші: Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де, мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы,- деп, ақиық ақын М.Мақатаевтың өзінің төл туындыларын жатқа оқу үшін кезекті оқушыларға береміз.

№ Аты-жөні Сыныбы Өлеңнің тақырыбы Оқу мәнері Сахна мәдениеті Жалпы ұпай
1 Жұмаділда Самал 4 «а» «Бәрінде қойшы»
2 Қархабат Аяжан 4 «а» «Өміржайлы»
3 Садықбай Әділет 4 «а» «Жүрексің»
4 Жақаева Г 4 «б» «Үш бақытым»
5 Доғдырбай Аяла 4 «б» «Сүйемін өскен Отаным»
6 Қазбек А 4 «б» «Отан»
7 Ораз Санжар 3 «а» «Мына қасқа»
8 Әзімхан Анель 3 «а» «Жалғыз көкек».
9 Қасен Аманжол 3 «а» «Фариза»
10 Жалмағамбетова Жансая 3 «ә» «Отан».
11 Нурланұлы Нұрбол 3 «ә» «Үш бақытым».
12 Іңкәрбек Ақерке 3 «ә» «Кек».
13 Бейбіт Нұрай. 3 «б» «Тағдыр мен бетпе-бет»
14 Ақылбай Аяжан 3 «б» «Үш бақытым»
15 Карим Анаис 3 «б» «Фантазия»
Бүгінгі сайысқа қатысушы үміткерлерімізді ортаға шақырамыз.
Сөз кезегін әділ –қазылар алқасына береміз.

1. Жүргізуші:Мұқағали ақынның сөзіне жазылған әндері қаншама. Әндері халық жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін жан серігіне айналды. 8 «а» сынып оқушысы Жексен Ерасылдың орындауында М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Қос қарлығаш» атты әнге кезек береміз.
2.Жүргізуші:
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
...Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
1.Жүргізуші: Иә, өлең өлмейді.Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Ақынның өлеңін еңкейген қарттан еңбектеген баласына дейін біледі деп айтсам қателеспейтін шығармын. Арыз жазып кеткен ақынның артына із қалдырған сөздерін жүрегімізден орын тапты. Тарлан талант Мұқағали ақын да уақыт өткен сайын дараланып, биікке өрлеп, туған халқымен бірге жасауда.
2.Жүргізуші: Мұқағали мұрасы –халық қазынасы.
Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай береді деп ойлаймыз. Кешімізді жабық деп жариялаймын.Сіздерге қатысқандарыңызға, тыңдағандарыңызға көптен-көп рахмет айтамыз.