Тарих. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » » Тарих. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан.
27
февраль
2017

Тарих. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан.

Тарих. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан.Жолшыбек Айгул Алдашбекқызы, тарих пәнінің мұғалімі, мектеп-лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, өткен сабақтарды пысықтау ретінде қосымша сұрақтар беру, сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
Дамытушылығы:
Оқушылардың ой - өрісін, ойлау, сөйлеу қабілетін ашатын сұрақтар қою,
ізденгіштік, шығармашылық, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі:
Ежелгі тайпаның тарихын, батырлардың ерлігін пайдалана отырып, өз елінің
тарихын білетін ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың түрі: Тарау бойынша қайталау
Сабақтың әдісі: әңгімелеу,топтау,ойын
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы,зергелік бұйымдар,кеспе қағаздар, оқулық. Сабақтың презентациясын көшіріп алыңыз. istr_aigul.rar [1,89 Mb] (cкачиваний: 14)
Сабақтың жоспары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
• Оқу құралын тексеріп түгелдеу
• Оқушылардың орналасу формасын ыңғайлау
• Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Сақтардың өмірі
а) Картамен жұмыс
ә) Суреттер жырлайды
б) Сәйкестігін тап (дәптерге жазғызу)
в) Тарихи терминдермен жұмыс
г) "Топтық ” ойын

д) Тәуелсіздік үшін күрес
е) Математикалық қобдиша
ж) Кімнің сөзі
ІҮ-Сабақты бекіту:
1. Зымыран сұрақтарға жауап беру
2. Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындық
Ү. Оқушыларды бағалау.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру.
Оқулықпен жұмыс. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру. Терминдермен жұмыс жасау.
Тарауға сәйкес 10 тест тапсырмасын дайындау.
Картамен жұмыс
Суреттер жырлайды

Тарихи термин
А
Акинак – Қоладан құйылып жасалған қылыш және аң стилінде безендірілген скиф –сақтардың қаруы.
Антропология - адамдардың қаңқаларын,ұлттық ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласы.
Археология – Қазба жұмыстарды жұргізеді,заттай деректерді зерттейді.

П
Палеолит – тас дәуірі
Петроглиф –тастағы сурет ( жануарлардың,құстардың т.б.)
Питекантроп – ежелгі маймыл тәріздес адам.Индонезиядан Ява аралында 1891-1893ж. Табылған,мыйының көлемі 950 куб.см.
Полихромдық стиль- жартылай бағалы тастарды зергелікте қолдану.

К
Керамика – күйдірілген топырақ (фарфор,фаянс,терракота т. б.)
Кремация – қайтыс болған адамды өртеу дәстүрі,ежелгі тайпалар қоланың алғашқы кезінде қолданған.
Кроманьондық – кейінгі палеолитте өмір сүрген адамдар.Франция жерінде Кро-Маньон үнгірінде 1868ж табылған,мыйының көлемі 1500-1800 куб.см.,бойы 1,68 б.з.б. 40 мың.жылы өмір сүрген.

• І топ
• Алтын киімді адамның бас киімі
• ІІ топ
• Шірік Рабат
• ІІІ топ
• Мұртты обалар

1) 10*3+500=
2) 60÷3+499=
3) 9*10+400=
4) 900÷3-297=
Жауабы :
1) 10*3+500= 530 ж (Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді)
2) 60÷3+499= 519 ж (Кир қайтыс болғаннан кейін парсылар сақтарға шабуыл
3) 9*10+400=490 ж (Марафон шайқасында парсы әскерінің құрамында гректерге
қарсы сақ жауынгерлері соғысты)
4) 900÷3-297= 3 жыл ( Спитаменнің македон әскеріне қарсы партизан соғысының
мерзімі
 
Жылдар сөйлейді
Б.з.б. ҮІІІ ғ - б.з. ҮІ ғ Темір дәуірі
Б.з.б. ҮІІІ ғ. Темір металын пайдалану
Б.з.б. 1 мыңжылдық Қазақстан мен Орта Азия жерін сақтар мекендеген уақыт
Б.з.б. 530 Сақ жеріне Кирдің басып кіруі
Б.з.б. 519 І Даридің сақтарға қарсы жорығы
Б.з.б. 4ғ. 30 ж.
Гректердің сақ жеріне қауып төндіруі

Күйме дегеніміз не? Арба үстіндегі ұй
Суару каналдарының іздері табылған қоныс ? Шірік - Рабат
Сақ билеушісі? Патша
Сақтар зергелікке қолданған бағалы тастар ? Сердолик,халцедон,агат
Сақтардың өмірінде қай түлік маңызды орын алды? Қой,ешкі
Сақтардың қосымша кәсібі? Балық аулау

Үй тапсырмасын беру.

Оқулықпен жұмыс.
Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.
Терминдермен жұмыс жасау.
Тарауға сәйкес 10тест құрып келу.