Жаратылыстану. Өсімдік шаруашылығының географиясы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » » Жаратылыстану. Өсімдік шаруашылығының географиясы
18
февраль
2017

Жаратылыстану. Өсімдік шаруашылығының географиясы

Жаратылыстану. Өсімдік шаруашылығының географиясыГеография пәнінің мұғалімі Құрманбаева Гулнур.
Сабақ №42. Сыныбы: 10 «Б» Күні:14.02.2017жыл
Сабақтың тақырыбы: Өсімдік шаруашылығының географиясы
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың дүниежүзілік өсімдік шаруашылығының маңызды салалары туралы білімдерін одан әрі дамыту арқылы жеке тұлғаның дамуына ықпал ету
Күтілетін нәтиже: Оқушылар дүниежүзілік өсімдік шаруашылығының салалары туралы білімдерін толықтырады және пікірлесіп ортақ шешімге келуге дағдыланады
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдістері: СТО(ДЖИГСО,Ойтолғаныс,Сәйкестендіру,топтық,ұжымдық жұмыс),АКТ , сұрақ-жауап
Сілтеме:Ғаламтор материалдары,оқулық, компьютер, инт. Тақта т.б

Сабақтың жоспары:

Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1.Ұйымдастыру , қызығушылығын ояту.
Сәлемдесіп, тыныштық орнатады. Оқушылардың назарын сабаққа аударады. Сәлемдеседі
Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады
2.Ынтымақтастық атмосферасы Топқа бөлу (бау-бақша дақылдарының суреті арқылы)

Суреттерді таңдап, топқа бөлінеді.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 1. Ауылшаруашылығының қандай салаларын білесіңдер?
2. Ауылшаруашылығында ЭБХ қанша пайызы жұмыс істейді?
3. Ауылшаруашылығының дамуы мен өркендеуі сипатына қарай неше топқа ажыратылады?
4. «Жасыл революция» ұғымын қалай түсінесің?
Сұрақтарға жауап береді
4.Үй тапсырмасын бекіту. Үй тапсырмасын бекіту ретінде оқушыларға сұрақтар қойылады.
Ауылшаруашылығы салалары арасындағы байланыс қандай кешен арқылы жүзеге асады?

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
5.Бағалау Қалыптастырушы бағалау Әр топ оқушылары бір-бірін бағалайды.


6. Мағынаны тану (Слайд)
НЕ КӨРІП ТҰРМЫЗ?(АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН,ҚАЙ САЛАСЫН?)
Жаңа тақырыпты меңгерту
"Ой қозғау".СҰРАҚ ҚОЯ ОТЫРЫП,
Оқушылармен бірге сабақтың тақырыбын,мақсатын айқындайды.
Мақсат.( Ө.Ш ГЕОГРАФИЯСЫН ЖАН-ЖАҚТЫ МЕҢГЕРІП,ТҮСІНУ)
Критерий.
( ӨС.ШАР.ТУРАЛЫ ТАҚЫРЫПТЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАНЫП БІЛЕМІЗ.
СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕМІЗ.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАЙМЫЗ)

ДЖИГСО әдісі,ұжымдық оқыту.(1 ТОПҚА,2 ТОПҚА,3 ТОПҚА)
Жуан-жіңішке сұрақтар
1. Өсімдік шаруашылығының қай салалары дамыған?
2. Астық дақылдарының таралу аймағы неге байланысты?
3. Дамушы елдерге астық дақылдарының қай түрі тән?
4. Экономикасы дамыған елдерге қандай өсімдік шаруашылығы тән?
Оқушылар МАҚСАТ ҚОЯДЫ,ТАБЫС КРИТЕРИЯЛАРЫН АЙТАДЫ. параграфты бөлімге бөліп оқып шығады, Содан соң бір-біріне түсіндіреді.
7. Ой толғаныс Сәйкестендіру (жұптық)
Картамен жұмыс
Постер қорғау (топтық)
Эксперттерді таныстыру Жұптасып, топтасып кесте толтырыпғ постер қорғайды
8. Қорытынды Проблемалық сұрақтар
Өсімдік шаруашылығын дамытпаса не болады, инновация керек пе?
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз пікірін айтады.
9. Рефлексия Рефлексия «Бүгінгі сабақ саған ұнадыма?»
Балалар ұсынылған парақшаларға өз жауабын жазады.
10.Бағалау Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орныдауына қарай бағаланады Мұғалімді тыңдап, бағаланады
11.Үй тапсырмасы §42.Өсімдік шаруашылығы. Кескін картамен жұмыс. Тапсырмаларды орындап үлгермеген жағдайда аяқтау. Берілген тапсырмаларды күнделігіне жазып, түсінбеген жерін сұрайды.