Президентін сайлау іс-шарасы өтті » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » Президентін сайлау іс-шарасы өтті
22
сентябрь
2023

Президентін сайлау іс-шарасы өтті

Жібек жолы мектеп-лицейінде оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып 17 оқушы тіркелді. Үміткерлер өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға 7-11 сынып оқушылары  қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басшылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын  кандидатқа дауыс берді. Нәтижесінде мектебіміздің 10 сынып оқушысы Мырзахан Нұрасыл  басым дауысқа ие болып, мектеп Президентіне сайланды. Құтты болсын!