«Нашақорлыққа жол жоқ!» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » «Нашақорлыққа жол жоқ!»
15
апрель
2021

«Нашақорлыққа жол жоқ!»

Ағымдағы жылдың 12-15 сәуір аралығында Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінде» 5-7 сынып оқушылары арасында «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауының басты мақсаты: жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер-темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру, адамгершілік, имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. Байқау барысында жүлделі І орынды иеленген 7 «б» сынып оқушысы Нұрасыл Мырзахан, 5 «а» сынып оқушысы Шынархан Нұрғиса, ІІ орынды иеленген 5 сынып оқушылары Барат Елнұр, Сұлтан Бейбарыс, 7 сынып оқушысы Зиятқанқызы Мерей және де барлық оқушылар өздерінің зиянды заттарға қарсы екенін, ұлтымыздың болашағы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, есірткі мен нашақорлыққа қарсы ойларын сурет бетіне салып жеткізе білген.
«Нашақорлыққа жол жоқ!»