Салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » Салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті
17
июнь
2022

Салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті

«Жібек жолы» мектеп-лицейінде өткен салтанатты аттестат тапсыру рәсіміне Шу ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Батиханұлы мырза мен білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері Маринова Баян ханым қатысып, түлектерді өмірлеріндегі ерекше қуанышты сәттерімен құттықтады.
«Жібек жолы» мектеп-лицейін бітіруші 39 түлектің арасынан 4-еуі «Алтын белгі», 2-еуі «Лучший аттестат» иегері атанып отыр. Ал негізгі орта білім алушы 60 түлектің арасынан 5-еуі «Лучший аттестат» иегері атанды.
– "Бүгін Сіздер үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан өтіп, биік сатыларына қадам басқалы тұрсыздар. Біз Сіздерден жаңалыққа жаны құмар, әлемнің көшіне ілесетін, озық ойлы жастар ретінде үлкен үміт күтеміз. Жаңа Қазақстанның негізгі тірегі де өздеріңіз. Тарихы тереңнен сыр шертетін қасиетті Шу өңірінің айбынын асқақтата беріңіздер. Ендеше, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңызға тілектеспін, – деп аталған білім ордасының директоры Джанғарашева Ардақ Төлепбайқызы ізгі лебізін білдіріп, түлектерге салтанатты түрде аттестат табыстады.
Салтанатты шараның соңы мектеп бітіруші түлектердің «Қош бол, мектебім!» әнімен жалғасты.