Қысқы бақ » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
17
апрель
2019

Қысқы бақ

Қысқы бақ
«Жібек жолы мектеп-лицейінің» 25 жылдығына орай мектебімізде «Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының» үйірме жетекшілері, мектебіміздің биологтары мен оқушыларының бірлесуімен мектебімізде қысқы бақ өсірілген. Сол бақтың салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Мектебіміздің директоры Джангарашева Ардақ Төлепбаевна мен ұлағатты ұстазымыз «Жерұйық жас натуралистер станциясы» және «Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығы» негізін қалаушы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Абдикеримова Рая Абдикеримқызына алғы сөз беріліп, мектебіміздегі қысқы бақтың салтанатты түрде ашылу рәсімі болды. Мектебімізде қысқы бақты ашудағы мақсатымыз, ол оқушылардың табиғатты аялап сүюі, гүлдерді қалай күтіп-баптау керектігін үйрету және практикалық сабақтар өткізу. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы А.Н. Мадиярұлы өз сөзінде мектебіміздің биік шыңдарды бағындыруына тілектес екенін білдірді. Сонымен қоса «Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығы» директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары С.Қ. Несипбаевна мен мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Р. Ордабаева жүрек жарды ақ тілектерін білдірді. Сонымен бірге салтанатты ашылу барысында мектебіміздің өнерлі оқушыларының орындауындағы----- кдоморындалып, 4 сынып оқушыларымыз ақындардың өлеңдерін мәнеріне келтіре оқып, көрерменнің көңіл-күйлерін бір көтеріп тастады. 6 сынып оқушылары З. Есен, Ш.Ғаниқызы мен И.Мамедова қысқы бақтағы өсімдіктердің пайдасы туралы мағлұматтар берді.