06
май
2022
"Жастар құқығы" тақырыбында кездесу
2022 жыл "Балалар жылы" аясында ағымдағы жылдың мамыр айының 06 күні Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің әдіскері И.Инкибаева мен Шу қалалық жастар ресурстық орталығының аға инспектор заңгері Гүлбану Жаңабековамен мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларымен "Жастар құқығы" тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында келген қонақтарымыз оқушыларға қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылық пен заңбұзышылықтың алдын алу, қаңғыбастық пен қараусыздық туралы айтып өтті. Сонымен қатар мамыр айындағы мереке күндері ата- аналардың қарауынсыз түнгі мезгілде журмеуді, табиғат аясына шығуға болмайтынын, келеңсіз жағдайлар мен оқиғалардың алдын алу бойынша ақыл- кеңестерін беріп өтті.



