«Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы»
15
декабрь
2020

«Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы»



Шу қаласы «Жібек жолы мектеп-лицейінде» 2020 жылдың 14 желтоқсан күні ZOOM платформасы арқылы «Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы» тақырыбында 7,8,9,10 сынып оқушылары арасында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында мектебіміздің құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б. Ернаурызов сөз алып, қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі жасөспірімдердің денсаулығын сақтау және оның алдын алу туралы айтып өтті. Келесі кезекте мектебіміздің медбикесі Г.Қ.«ЖИТС деген не?» тақырыбында баяндама оқып, ЖИТС (жүре пайда болатын иммунитет тапшылығының синдромы) аса қатерлі вирустық дерттің алдын алу, бұл вирустан сақтану жолдары туралы мәлім еттерімен бөлісті. Мектебіміздің психологы Ж.К.Джуманбаева «Зиянды заттардың алдын алу» тақырыбында видеоролик көрсетіп,мектеп оқушыларын өз бойларын зиянды заттардан алшақ ұстауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.Жиналыс соңында З.Б.Ернаурызов жас жеткіншектерді спортпен шұғылдануға, еңбекпен айналысуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға шақырып,еліміздің өркендеуі дені сау, білімді ұрпақтың қолында екендігін айтып өтті.