Тұғыры биік Тәуелсіз ел » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » Тұғыры биік Тәуелсіз ел
15
декабрь
2021

Тұғыры биік Тәуелсіз ел

2021 жылдың 15 желтоқсан күні «Жібек жолы» мектеп-лицейінің 9-сынып оқушылары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік Тәуелсіз ел» тақырыбында концерттік бағдарлама ұсынды. Оқушылар ата-бабамыз бен батырларымыздың ел тәуелсіздігі үшін күрескенін, тәуелсіздік жолында халықтың басынан кешкен қиын күндері мен талай жас қыршынның ерте үзілгенін сахнада көрсете отырып, тарихқа шолу жасады. Әр қойылымды өзара сабақтастыра отырып, бүгінгі таңдағы бейбіт күнге әкелді. «Ел болашағы - жастардың қолында» дей келе, қазіргі таңда білімді жастардың елін көркейтіп, тәуелсіз мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосулары керектігін атап өтті.
Келген қонақтар, ата-аналар мен мұғалімдер ерекше әсер алды. Оқушылар мен жетекші мұғалімдерге рақметін айтып, тамаша көңілде қайтты.

Тұғыры биік Тәуелсіз ел