«Жас Қыран» ұйымына бастауыш сыныбының оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты іс шарасы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » «Жас Қыран» ұйымына бастауыш сыныбының оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты іс шарасы
15
декабрь
2020

«Жас Қыран» ұйымына бастауыш сыныбының оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты іс шарасы



Шу қаласының «Жібек жолы» мектеп-лицейінде «Біз Тәуелсіз елдің қыранымыз» атты Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» ұйымына бастауыш сыныбының оқушыларын қабылдауға арналған салтанатты іс шарасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткізілді. Мерекелік іс шараның негізгі мақсаты оқушыларды ұйымға қабылдау арқылы Қазақстан Республикасының Рәміздерін құрметтеуге, өз Отанын,туған жерін сүюге, қорғауға,сақтауға тәрбиелеу болды.
Салтанатты жиын барысында мектеп-лицейіміздің директоры А.Т Джангарашева оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп жас қырандықтар қатарына тек жақсы оқитын,білімді,өнерлі,салауатты өмір салтын ұстанатын,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын,өз елінің нағыз патриот жастары қабылданатыны туралы айтып ,қолдарына «Жас Қыран »ұйымының қатарына қабылданғандығы туралы сертификаттарын табыстап құттықтады. Өтініштері негізінде «Жас Қыран» ұйымына 2 сыныптың 70 оқушысы қабылданды.Оқушылар үлкен жауапкершілікті өз мойндарына ала отырып ,елімізді көркейтуге кішкене болса да өз үлестерін қосуға дайын екендігін сезіне білді.
Осындай Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезіне отырып,Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!




«Жас Қыран»  ұйымына бастауыш сыныбының оқушыларын  қабылдауға арналған салтанатты іс шарасы