Құдыретті Жер-Ана » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
25
April
2017

Құдыретті Жер-Ана

Сабақтың мақсаты :
Оқушылардың жер туралы ұғымын сүйіспеншілік құндылығы ретіндегі білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері :
-жердің адам өміріндегі мәні, оның адамға тигізетін әсері туралы білім беру;
-жердің құндылық ретіндегі мәнін түсініп, сезіне білулерін дамыту;
-жерді сүюге, қадірлеп– қастерлеуге тәрбиелеу. Ресурстар : Аудио жазбалар,
Бейне роликтер, кестелер фотосуреттер.
Плакаттар, маркерлер, түрлі түсті қағаздар
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі : - Өзіңнің сүйікті оқушыларыңды «Өзін - өзі тану» сабағында көрген қандай ғанибет! Бүгінгі сабақта сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын.
Ендеше, біздер бір - бірімізге күлімсіреп, сәлемдесіп, мұнда тұрға жемістерді бөлісіп, орнымызға жайғасып, сабағымызды бастайық.
Жеміс суреттері бейнеленген карточкалар
2. Тыныштық сәті.
Жағымды жағдай туғызу.
1. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестетіңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғыңызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық) Өзеннің сылдырағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз....(тыныштық). Тыныштықта тұрып, өзімізді тыңдайық, табиғат – анамызды тыңдайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан жылы күннің сәулелерін сезіңіз. Қазір біз көзімізді ақырын ашып, басқа жаққа қарай қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және көңіл күн сыйлаған табиғат – анамызға рахметімізді айтайық.
2. Ал балалар кім не сезінді, ойларыңды ортаға салайық.
3. 5 Т ережесі «Табиғатқа саяхат».
Табиғат дыбыстары бейнежазба


3. Үй тапсырмасын тексеру :
Табиғат, туған жер туралы өлең шұмақтарын жаттау, мазмұндау. 7 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 97 бет
4. Жағымды ой-пікір: (дәйексөз)
-«Адамның су мен жер туралы ойлағаны - өзі туралы ойлағаны» деген ұлы жазушы Ш.Айтматовтың нақыл сөзін түсіндіру арқылы оқушылардың жер-ана мен адам өмірінің тығыз байланысы, жерді қадірлеп, қорғау әр адамның міндеті екені туралы пайымдаған ой-пікірлерін тереңдету.
Тақтаға дәйексөзді жазу
5. Жаңа сабақ : «Ойланайық, пікірлесейік»:
Сонымен біз дәйексөзді бірге оқып талдадық, қалай ойлайсыздар балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз қандай және не туралы болады?
• Неліктен адамдар жерді Анаға теңейді?
• Ана мен Жердің қандай ұқсастығы бар?
• «Жер» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не келеді?
Мұғалім:Табиғат – адамзатпен біртұтас дүние. Табиғат, Жер-ана, Туған жер, Атамекен - құлаққа жылы естіліп, шаттық сезімін ұялататын ұлы ұғымдар.
Ертеден қалған «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.
Оқиға айту: (әңгіме) Schoolchildren мәтінмен жұмыс жүргізу барысында қытай философы Конфуцийдің Атамекен туралы аңызымен таныстыру.
Аңыз әңгімені оқытып, талдау барысында адамға туған жерін, Атамекенін қорғап қалу үшін қандай қасиеттер қажет екеніне назар аударту.
 Өз елін, жерін қорғап қалған ерлер туралы қандай аңыз- әңгімелер білесің?
 «Жер-қолқа жүрегің» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Оқулық
99 бет
5.Шығармашылық жұмыс (топтық жұмыс):
«Жер-Ана жоMarch ана тер төккенге». Халық нақылы
Қазақ халқы ежелден табиғат тылсымын меңгере білген, оның ыстығына күйіп, суығына төзген. Ата – бабаларымыз арттарына табиғат жайлы әр түрлі өсиет сөздер, мақал - мәтелдер және тыйым сөздер қалдырып кеткен.

1- топ. мақал – мәтелдерді жинап жазады.
1. Сулы жер - нулы жер
2. Бұлақ көрсең көзін аш
3. Су жүрген жер – береке,
Ел жүрген жер – мереке.
4. Қыстағы қар, жаздағы жаңбыр
жерге жауған нұр.
5. Аққу құссыз – көл жетім
Айтылмаған сөз жетім.
6. Бұлбұлға бау жақсы
Кекілікке тау жақсы.
7. Ауа - өмір тынысы.
8. Судың да сұрауы бар
9. Жер - қазына, су - гаухар.
Жарайсыңдар, мінекей табиғат туралы көптеген мақал - мәтел біледі екенсіңдер. Енді қандай тыйым сөздерді біледі екенбіз?
2-топ. Тыйым сөздер.
Суға түкірме
Суды лайлама
Су ішетін құдыққа түкірме
Бұлақты былғама
Көкті жұлма
Орманды өртеме
Жалғыз ағашты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Өрмекшіні өлтірме
Аққуды атпа
Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер
Мәтінмен жұмыс.
3-топ. Жұмбақтар.
Қар еріп, қыр көгерді,
Қыс қиқуы көбейді.
Жерге дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді. (көктем)

Дала тегіс сарғайды,
Шаруа қысқа қамданды.
Күн қысқара бастады,
Тауға тұңғыш қар жауды.
(күз)
Күн ысып, су жылынып,
Егін басын тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түрініп.
(жаз)
Сұлық жатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада.
(қыс)
Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
1. Қызығып әр адам,
Ұстап ап даладан.
Жүніңді жұлып ап,
Бесікке қадаған. Бұл қай құс? (үкі)
2. Қашаудай мықты тұмсығым,
Бәске тігем, бұл шыным.
Құрт - қоңыз, шыбын аулап жарысам,
Орман дәрігері болып табылам. (тоқылдақ)
3. Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктен жұлдыз аққандай (қарлығаш)
4. Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап,
Қыста алыс кетеді. (қараторғай)
Оқулықтағы А.Өтегеновтің «Сан түрлі әлем» атты толғанысын оқып, оқушылардың жер туралы түсініктерін кеңейту.
Дәптерде берілген тапсырманы орындау.
Оқушылардың үздік туындыларынан көрме ұйымдастыру. Дәптер, қалам






Тапсырмалар жазылған карточкалар
6. Топпен ән айту : Қ. Мырза Әлінің сөзіне жазылған Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін орындаймыз.
(Балалар орнынан тұрып, «Атамекен» әнін орындайды.)
Атамекен
Сөзі: Қ. Мырза Әлі
Әні: Е. Хасанғалив
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.
Қайырмасы:
Қайда жүрсең, атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі ұясына
ҚиMay оны батады екен. Бейнеролик
7. Өсиет әңгіме
Ертеде бір қарияның үш ұлы болыпты.Өздерінің әкесін қатты жақсы көретіні соншалық,қарттың ұзақ та сау өмір сүруін армандап,оның жолын қайдан табамыз деп,ұзақ кеңесіпті.
Әрі ойланып,бері ойланып,ақырында ел арасынан денсаулықтың мекенін іздемекші болады.
Үлкен ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Саялы орманынан»,ортаншы ұлы денсаулықтың мекенін табиғаттың «Таза көлді» елінен,ал кіші ұлы «Көрікті жер» елінен кездестіріпті.
Ұлдарына риза болған қария,үш ұлының да еліне кезек-кезек барып тұрыпты.
Қария бақытты да баянды,ұзақ ғұмыр кешіпті.
• «Саялы орман», «Таза көл», «Көрікті жер» неліктен денсаулық мекені бола алады?
Таза ауа,таза су,пайдалы тағам,көтеріңкі көңіл күй, адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.
• Адамдар табиғаттың сырына назар аударған, емдік қасиетін де байқап, олардың науқастарды емдеуге көп көмегі бар екеніне көңіл бөлген. Мысалы: борсық Mayы өкпе ауруына, иттің Mayы суық тигенде, құрбақаны ағауыз деп атайтын жараға ем ретінде қолданған. Өсиет әңгіме жазылған парақшалар
Шығармашылық жұмыс: Постер қорғау.
Әр топқа белгілі бір тақырыптар беріледі. Балалар өз пікірлері мен тұжырымдамаларын жасап постерлерін қорғап шығады. Плакаттар, суреттер, маркерлер
Қорытындылау:
Тақтаны табиғатқа айналдыру. Тамшылар, суреттер
Рефлексия: «Жолдорба, ет тартқыш, қоқыс жәшігі»
Балалар сабақтан алған әсерлерін осы үш затқа баламалап жазып, тілек ағашына іледі. Стикерлер, тілек ағашы
8. Үй тапсырмасы :
А)« Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша оқушының таза жүрегінен шығармаларға кезек берейік:
б) «Егер мен суретші болсам...»(Бұл бөлімде сыныптағы суретті жақсы салатын оқушылардың суреті көрмеге қойылып, сол туралы пікірлері тыңдалды)
г) «Егер мен ақын болсам...» (Бұл бөлімде сыныптағы өлең шығаратын оқушылардың өлеңдері тыңдалды. Сонымен қатар басқа ақындардың табиғатқа арнаған өлеңдерін оқушылар тебірене оқыды) 7 сынып «Өзін-өзі тану» оқулығы 102-103 бет
9. Сабақтың қорытынды сәті : Жер. Жер-ана...
Адам мыңдаған жылдар бойы оны бағындырмақшы болып, қаншама қиянат жасап келеді. Біз өзінің есерсоқ баласын қажысай қамқорлап, нәр беріп келе жатқан, жаңа ұрпаққа өмір сыйлап отырған Жер-ананың жаратылысымен күресіп келе жатқандарды марапаттап келеміз. Антуан де Сент-Эксюпери
1.Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?
2.Бүгінгі сабақтан не түйдік? Баянды музыка әуені