Жаратылыстану айлығы: «Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » » Жаратылыстану айлығы: «Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!»
15
февраль
2017

Жаратылыстану айлығы: «Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!»

Жаратылыстану айлығы: «Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!»Дайындаған өзін-өзі тану мұғалімі: Ж. К. Джуманбаева
Мерзiм_10.02.2017 ж.
Тақырып: Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!
Құндылық: сүйіспеншілік. Өзін-өзі тану
Қасиеттер: қамқорлық, аялай білу
Мұғалiм : Ж.Джуманбаева
Сынып 8 «Б»

Мақсаты: Оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.
• Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;
• Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;
• Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу Ресурстар Бейне роликтер, кестелер фотосуреттер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңi.
Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бүгінгі сабақта сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын. Оқушылар өз көңіл-күйлерін сMayликтер арқылы бағалайды. (2 мин.)
5 –Т ережесін еске түсіреміз.
Тыныштық сәтi. «Теңіз түбіне саяхат» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырMayмыз. Көзімізді жұмамыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз.. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезініңіз.. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шықтыңыздар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет екенін түсініп отырсыз.. Жан-жағыңызға қарараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар және әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз.. Айналаға жақсылып қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қарап және тыныштыққа құлақ түріңіз. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылығыңызды білдіріңіз. Енді көзімізді ашуымызға болады.
(5 мин.)
Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген «Қайыңның қасіреті» шығармасы (Қ.Толыбаев) бойынша сұрақ қою
Сұрақтар:
1.Адамдар неліктен табиғатқа залал келтіреді?
2.Табиғат та жылай ма?
3. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін. ( 5 мин) «Теңіз түбіне саяхат »
Жаратылыстану айлығы: «Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!»

Оқулық 89 бет.
Келесі бейнетаспа егер табиғат үн қата алса не айтар еді. Өзіне зиян келтірмекші болғандардан қорғанар еді. Назар аударайық.
(3 мин)
Жаңа сабақ: « Ойланайық пікірлесейік».
Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: Табиғат – тал бесігінің, аялай біл!
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата - бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып кетуі тегін емес.
Табиғат-адам баласын дүниеге келтіріп,бойындағы бар махаббат мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялататын аяулы Ана! Табиғат –бұл адам бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын беретін сұлулық пен әсемдік әлемі. Жердің бетіне шыққан бау-бақша мен дәнді-дақылдар ,адам баласына жейтін ас.Орман тоғайымен тау –тасы,шалғыны мен шабындығы.Осының бәрі аспаннан қар,жаңбыр жауып с укелсе ғана көктеп көгереді. Табиғат пен Жер - Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.
Табиғат деген не ?
Қоршаған ортаны қорғауды қалай түсінесіздер?
Табиғатты сақтап, қорғау не үшін қажет? (3 мин) 8 сынып
«Өзін-өзі тану» оқулығы
Дәйексөз
Француз жазушысы Анатоль Франстың «Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді» - деген нақыл сөзін мағынасын «Көзқарас – себеп – мысал – қорытындылау бірізділігімен талдау. (дәйексөзі дәптерге жаздыру)
1. Көзқарас – А. Франстың көзқарасымен келісемін
2. Себебі – табиғат пен адам өзара үйлесімді
3. Мысалы, қарапайым біздің тыныс алуымыздың өзі дәлел бола алады
4. Қорытындылау. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда ғана, табиғат адам баласы кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық. (2 мин)
Дәптерге дәйексөзді жазу.

Мұғалім сыйы: Тамыр туралы өсиет әңгіме
Бір орманның жанындағы өзеннің жиегінде ағаштар өсетін еді, олар күшті және биік өсуге және әдемі гүлдері мен қалың жапырақты болулары үшін бар күштерін жұмсайтын.
Әлбетте, олардың тамырды дамытуға күштері қалмады, олар үшін биіктік пен сұлулық маңыздырақ болып көрінді…
Сол өздерінің биіктігімен және үлкен гүлдерімен тамсандырған ағаштардың арасында гүлсіз, кішкентай лавр ағашы өсетін еді.
Ол бар күшін тамырға жұмсады.
Барлығы оның үлкен әрі әдемі гүлдері, алып бойы болмағандықтан, мазақ етіп күлетін.
«Лавр! Сен бар күшіңді несіне тамырға жұмсайсың, бізге қарасаңшы. Бізді бәрі үлкен жапырақтарымыз, хош иісті гүлдеріміз, биіктігіміз үшін мақтайды».
Ал лавр болса былай жауап беретін:
«Мен одан да өз күшімді тамырыма жұмсаймын: өсемін және маған мұқтаж болғандарға өз жапырақтарымды беремін».
Бірақ бәрібір де басқалары оған күлуден жалықпады.
Бірде қатты жел соғып, сол ағаштар тамырлары әлсіз болғандықтан кұлап қалды. Ал лавр болса, тек бір-екі жапырағын ғана жоғалқаны болмаса, аман қалды.......................
-Ал енді балалар осы өсиеттен не түсіндік?
Сол кезде ғана, басқалары қиын сәттерде бізді сыртқы келбетіміз бен түріміз емес, тамырымыздағы, жүрегіміздегі, жан-дүниеміздегі күшіміз сақтап қалатынын түсінді. Ешқашан да мақтанып, менменсімеуіміз қажет жан дүниеміз таза болса , біліміміз болса жеңіске жетеміз.
Бұл өсиеттен біздің аларымыз көп болды деген оймен сабағымызды жалғастырамыз. (5 мин)
Сергіту сәті (2 мин)

Шығармашылық жұмыс. Сабақ тақырыбы бойынша оқушылардың білім-біліктерін кеңейту үшін шығармашылық жұмыс ұсынылады. Шығармашылық тапсырма бойынша оқушылар суреттерге қарап, табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба ұсыныңыздыр. Алдын-ала оқушыларға Қазақстанның экалогиялық аумақты жерлеріне байланысты тапсырма берілді.
Қазір сіздер сол жердің табиғатқа тигізген зияны туралы туралы айтып өтесіздер.
1. Арал теңізі (Теңіздің 1989 жылғы шілде-қыркүйек және 2008 жылғы қазан айларында түсірілген салыстырмалы көрінісі.) туралы.
2. Байқоңыр ғарыш алаңы туралы.
3. Семей полигоны туралы.
Оқушылар топтық жұмыс жасайды. Постор қорғайды. Оқушылар топпен жұмыс түрінде өз жобаларын қорғау үшін сынып алдында жария етеді. (15 мин)
Дәптермен жұмыс . Дәйексөзді жазу . Сонымен қатар дәптерде берілген
22-23 сабақта берілген тапсырманы толтырамыз.
Оқулық-94 бет.

Дәптермен жұмыс.
Жүректен жүрекке
Топпен ән айту. «Қазақ елі» 3 мин Үнтаспа
Үй тапсырмасы. «Табиғатты қорғау–өзіңді қорғау» тақырыбында эссе жазу.
Оқулық 93 бет
Карточкамен жұмыс. Сұрақ-жауап.Schoolchildren карточкалар беріледі. Әр карточканың артында тапсырма немесе сөзжұмбақ берілген. Сол тапсырмаларды табу арқылы сабақтың тақырыбы жазылған сөз шығады.
1. Табиғат туралы не білеміз?
-Табиғат-Ол Су.Су-тіршілік көзі.Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. «Сулы жер-нулы жер» деген мақал бекер айтылмаған.Су-адам жүрегіне жыр,көңіліне нұр сыйлайды.
2. Сусыз тіршілік бар ма?
Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген тіршіліктің жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ,ол-ақиқат,
Күміс су қара жердің сәні емес пе?
3. Табиғат –Ол топырақ дегенді түсіндіріп бер. Жер бетіндегі тіршілік атаулы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады,
Оны денең тиіп кетсе ұғады,
Еңбегіңді есесінен беретін
Жақсылық та топырақтан шығады.
4. Табиғат-Ол өсімдік деген ұғымды түсіндіріп бер. Өсімдік-бұл жасыл желек,көк Mayса құрақ,қызыл-жасыл гүлдер.Өсімдік ашыққанда тамақ,шөлдегенде сусын,ыстықта көлеңке ,сая суықта пана,ауырғанда дәрі,ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі-гүл.Өсімдік –таза ауа,еліміздің дәулеті жасыл желек- орман.
5. Табиғат-Ол жануарлар деген ұғымды түсіндіріп бер . Жүгірген аң,ұшқан құс,дала ажары ақбөкен,әні мен сәні бұлбұл,су аруы Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
6. Табиғат –жер –Ана деген ұғымды түсіндіріп бер. Барша байлықтың анасы –Жер.Жерді күтіп баптай білу,оның қойнауындағы қазба байлықтарын дұрыс игере білу –біздің борышымыз.
7. Табиғат туралы мақалдар:
- «Бір тал кессең,он ал ек», «Судың да сұрауы бар», .«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,Оны айтуға табиғаттың тілі жоқ», Таза болса табиғат, аман болар адамзат. т.б.
Қорытындылау : Ел мен жер, оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, байтақ даласы мен асқақ таулары – біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа – адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Әрбір ағашты, әрбір бұтақты, жалғыз дәнді де ыждағаттылықпен сақтау, қамқор болу – басты міндеттердің бірі. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, жас ұрпақ – сендер де, барлығцымызда көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет.
Бәрі бірге:Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,
Көркейсін деп бір-бір ағаш егейік
Текке отырMay жасымыз бен кәріміз
Таза ауа үшін терімізді төгейік
Feedback: Оқушылар бүгінгі сабақтан не түйдіңіздер, қандай әсер алдыңыздар жазып , тілек ағашына ілеміз.
Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгін өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып , көкейімізге түйіп алайық. Іштей «Мен табиғатты қорғаймын, аялаймын, қамқор боламын» деп қайталаймыз. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін рахмет!(3 мин)