«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » «Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ
24
April
2019

«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ

«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ

«Су айдынындағы қауіпсіздік» тақырыбында өткізілген сынып сағаттары туралы мәлімет

22.04.2019 ж. мерзімінде 0-11 сыныптар арасында «Су айдынындағы қауіпсіздік»тақырыбында біріңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты жаз мезгілінде табиғат апаты болғанда адам өмірінде қауіпті жағдайда өз өмірін сақтап қалуға және қасындағы адамдарға көмек көрсете білуге, жанашырлық пен табандылыққа тәрбиелеу. 
Балалар мен жасөспірімдердің суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан, осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін су айдынындағы қауіпсіздіктің алдын алу шаралары мен төмендегі ережелермен сынып жетекшілері таныстырды.
«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ
«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ

Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
1. Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алу; 
2. Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмау;
3. Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылу;
4. Өте ұзақ шомылмау, шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеу;
5. Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмау;
6. Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аймаққа шықпау.
«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ
«Жібек жолы» мектеп-лицейі КММ

Оқушылар суға түсу жайлы өз ойларымен бөлісе отырып, суға түсудің тек қана қызыққа толы жайт емес екендігін, әрқашанда қауіпсіздік шараларын ескеріп жүру керек екендерін ұғынды.