Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмыстары туралы мәлімет. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » » Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмыстары туралы мәлімет.
30
January
2019

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмыстары туралы мәлімет.

«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме жұмыстары туралы мәлімет.
23-24 қаңтар күндері оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық насихат жұмыстары жүргізілді. Parents бала қауіпсіздігін алдын алу туралы ақыл-кеңестер бойынша жадынамалық парақшалар таратылып, сұхбаттасу жүргізілді. Мектептің кіреберіс дәлізінде балаларға арналған қауіпсіздік туралы бейнероликтер көрсетілді.
Балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме  жұмыстары туралы мәлімет.
Балалардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген түсіндірме  жұмыстары туралы мәлімет.
0-11 сыныптар аралығында сынып жетекшілерімен сынып сағаттары мен ата-аналар жиналыстары өткізілді. Мектептен үйге және үйден мектепке дейінгі жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі, жолда жүру ережелерінің сақталуы туралы түсіндірмелер айтылды. 
Құрметті ата – аналар, балаларыңызды қорғаңыздар!
Сіздің балаңыздың үйде және көшедегі қауіпсіздік ережелерін есте сақтаңыздар. Күн сайын балаңызға қайталап айтып отырыңыз:

АТА – АНАЛАРҒА КЕҢЕС
Балаларыңызға көшеде бөгде адаммен әңгімелесуге болMayтынын айтыңыз!
Үй кіреберісіне бөгде адаммен кірмеуін қадағалаңыз. Егер бейтаныс адам баланы қонаққа шақырса немесе үйіне жеткізіп салуды ұсынса, көрші болса да келіспеген абзал.
Бөгде автокөліктерге отыруына тыйым салыңыз.
Егер баланы сабақтан, үйірме мен секциядан ересектер күтіп алатындай мүмкіндік болмаса, сыныптастарымен бірге қайтуды ұсыныңыз.
Көшеде қас қарайғанша жалғыз қалмауына, жалғыз жүрмеуіне абай болыңыз.
Балаңыздың үйге, пәтерге бейтаныс адамдарды кіргізуге болMayтынын түсіндіріңіз.
Тәуекел тобынан (маскүнемдер, нашақорлар, сотталғандар және т.б) тіпті олар алыс туыстар да қашық жүрген дұрыс.

Тәрбие орталығы.