Activity » Страница 26 » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
"Жібек жолы мектеп-лицейінің" директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б.Ернаурызов
29
November
2021
"Жібек жолы мектеп-лицейінің" директордың құқықтық тәрбие ісі
Елбасымыздың "Жеті тұғыры" атты қағидаларында "жер ата-баба мұрасы, халық қазынасы", еліміздің білім мен еңбек саласының жеткен жетістіктері, көпұлтты мемлекетіміздің ауызбіршілігі мен тұтастығын нығайту жолындағы тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жасаған ерен еңбектерін еліміздің әрбір азаматына жеткізу, жас ұрпақтың санасына құю, Елбасымыздың бастамасын одан әрі жалғастыру, оны сақтап қалу жас ұрпақтың қолында деп білемін.
UNT-ге дайындық жұмыстары
25
November
2021
UNT-ге дайындық жұмыстары
"Жібек жолы мектеп-лицейінің" 11-сынып оқушылары алтын белгісіне және үздік аттестатқа үміткер оқушыларымен жоспарға сәйкес әр аптаның сәрсенбі,сенбі күндері Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындақ жұмыстары жүргізілуде.
Түсіндірме жұмыстары (вакцина)
18
November
2021
Түсіндірме жұмыстары (вакцина)
"Жібек жолы мектеп-лицейінде"2021 жылдың 18 қарашасында Шу қалалық емханасының эпидемиолог дәрігері С.Х.Дюсенбиев, Жұқпалы аурулар кабинетінің медбикесі О.В. Бударина ,СЭҚД бас маманы Г.Даренқұл және Шу ауданы әкімдігінің "Болашақ" жастар денсаулығы орталығының меңгерушісі Е.А.Оспанова мектеп-лицейінің ата -аналарына 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге Комирнати (Pfaizer) вакцинасын егу жөнінде түсіндірме жұмыстарын өткізді.Сонымен қатар ата-аналардың қойған сұрақтарына жауап берілді.
Түсіндірме жұмыстары
12
November
2021
Түсіндірме жұмыстары
Ағымдағы жылдың 12 қараша күні "Жібек жолы мектеп-лицейінде" "Қиын бала болMayды" жобасы аясында мектепке жаңадан келген оқушылармен жұмыстар жүргізілді. ДҚТІЖО З.Б.Ернаурызов пен мектеп психологы Ж.Джуманбаева мектептің ішкі тәртіп ережелерімен, құқық бұзушылықтың алдын-алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар оқушылардан құқықтық сауаттылыққа және жаңа ортаға бейімделулерін анықтауға сауалнамалар алынды.
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты
11
November
2021
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты
Қараша айының 10-ы күні «Жібек жолы мектеп-лицейінде» жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашақтың энергиясы-баламалы энергия!Баламалы энергия-таза экологияның кепілі! атты айлықтың ашылу салтанаты өткізілді. Айлықтың ашылу барысында мектеп директоры Джангарашева Ардақ Төлепбайқызы әдістемелік бірлестік ұстаздарына сәттілік,денсаулық және шығармашылық табыс тілей отырып мұғалімдерге, қонақтарға және оқушыларға экологияның маңыздылығы туралы айтып өтті. Ашылу салтанаты
“Тарихи-өлкетану” мұражайы
09
November
2021
“Тарихи-өлкетану” мұражайы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылдың 9 қараша күні «Жібек жолы мектеп-лицейінің» « Мәдени мұра» және « Жас жігер» үйірмесінің оқушылары Шу ауданы, Төле би ауылында орналасқан “Тарихи-өлкетану” мұражайына барды. Барлық жәдігерлер тарихи кезеңдер маңыздылығына қарай бес бөлімнен тұрады. Археология, этнография , тарихи кезең, Шу өңірі және Тәуелсіз Қазақстан бөлімдеріндегі жәдігерлермен танысты.Оқушылар аудандағы Ауған соғысына қатысушылар , Желтоқсан оқиғасына
“Жасыл желек - жанға сая”
29
October
2021
“Жасыл желек - жанға сая”
Табиғатты аялау , қоршаған ортаға жанашырлық көзқарас таныту адамзаттың басты борыштарының бірі. “Жібек жолы мектеп-лицейінде” Тәуелсіздіктің 30 жылдығына - 30 қарағай" атты акциясы аясында мектеп ауласына күзгі көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Акцияның негізгі мақсаты: Жастарды табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. “Атадан мал қалғанша , тал қалсын” бұл бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті. Оқушылар қарағайдың діңгегін ұстап , ағаштың тамырын бекітті.Осы арқылы
"Жол ережесінің  маңыздылығы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
25
October
2021
"Жол ережесінің маңыздылығы" тақырыбында түсіндірме жұмыстары
Ағымдағы жылдың 25.10.2021 ж. күні Шу қаласы "Жібек жолы мектеп-лицейінде" мектеп инспекторы А.Б.Баймухамбетов төменгі сынып оқушыларына жолда жүру айлығы аясында "Жол ережесінің маңыздылығы" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға жол белгілерінің атқаратын қызметі мен маңызы туралы айтып өтіп, сұрақтарына толықтай жауап беріп өтті.
"Абайлаңыз балақай!" тақырыбындағы жолда жүру айлығы
21
October
2021
"Абайлаңыз балақай!" тақырыбындағы жолда жүру айлығы
Ағымдағы жылдың 21.10 күні "Жібек жолы мектеп-лицейінің" құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Б.Ернаурызов "Абайлаңыз балақай!" тақырыбындағы жолда жүру айлығы аясында 1-5 сынып оқушыларына жол белгілерінің атқаратын қызметі мен қолданылатын жерлері туралы, жол-көлік оқиғасының алдын алу бойынша профилактикалык түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,жол ережелері бойынша таратпа қағаздарын үлестерді.
Лицей көрмесіне үздік туындылар қойылды.
18
October
2021
Лицей көрмесіне үздік туындылар қойылды.
Қазан айының 14 мен 15 аралығында «Жібек жолы мектеп-лицейінде» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Күзгі композиция» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың күзгі табиғат ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейте түсу. Шығармашылық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктерін дамыту. Күзгі табиғаттың байлықтарынан ерекше әсер алып, сол арқылы балалардың эстетикалық сезімдерін ояту. Көрмеге 2 - 4 сыныптардың оқушылары белсене қатысты. Олар көз