11
November
2021
Жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің айлығының ашылу салтанаты
Қараша айының 10-ы күні «Жібек жолы мектеп-лицейінде» жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Болашақтың энергиясы-баламалы энергия!Баламалы энергия-таза экологияның кепілі! атты айлықтың ашылу салтанаты өткізілді. Айлықтың ашылу барысында мектеп директоры Джангарашева Ардақ Төлепбайқызы әдістемелік бірлестік ұстаздарына сәттілік,денсаулық және шығармашылық табыс тілей отырып мұғалімдерге, қонақтарға және оқушыларға экологияның маңыздылығы туралы айтып өтті. Ашылу салтанаты барысында көптеген қызықты деректер, видеолар және мәліметтер сонымен қатар оқушылардың қатысуымен көріңістер көрсетілді. Жалпы көрермендерге,қалпына келетін энергияның келешегі зор,экологиялық таза,қоры ешуақытта сарқылMayды, арзан әрі тиімді, оларды пайдалану табиғат баланстарын бұзбайды.Егер біз баламалы энергия көздерін тиімді және үнемді пайдаланатын болсақ,бұл біздің келешегіміздің кепілі екені айтылды!




