Еліміздің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын! » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Еліміздің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!
16
December
2022

Еліміздің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!

🔰Құрметті Шу қаласының тұрғындары!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! 
Бұл мереке өз Отанын сүйетін, оның даңқты тарихын, рухани және мәдени мұрасын мақтан ететін әр адам үшін қымбат. Республикамыздың тәуелсіздігі - ұлы еңбектің нәтижесі.
Барлығымызды елдің игілігі үшін жұмыс істеу мен өркендеуге деген ұмтылыс біріктіреді. Біз ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерімізге, көпұлтты халқымыздың орасан зор жасампаз әлеуеті мен берік құндылықтарына сүйене отырып, өз елімізді гүлдендіріп, дамыта аламыз.
Әр шаңыраққа шаттық пен бақыт, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілейміз! 
Еліміздің Тәуелсіздігі ғұмырлы, Туымыз тұғырлы болсын!