«Мемлекеттік рәміздер » » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » » «Мемлекеттік рәміздер »
02
March
2017

«Мемлекеттік рәміздер »

«Мемлекеттік рәміздер »Аймаханова Жанна тәрбие ісі жөнінің орынбасары
Мақсаты: І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Рәміздерге байланысты түрлі-түстісуреттер,буклеттер,карта,мақал-мәтелдер, Отанын,жер туралы нақыл сөздер.
Барысы:
Әнұран орындалады
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр».
Неге біз бұлай айта аламыз?
Өйткені, «бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығарMayық.
Отан дегеніміз не?
-Туып өскен жеріміз,
-Егемен еліміз.
– Табиғатымыз,
-Қазба балықтарымыз,
-Өзен-көліміз,
-Ұлан байтақ жеріміз,
-Мемлекеттік тіліміз
- Басшымыз.
-Рәміздеріміз
Отан –жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым
Жүргізуші: Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Олай болса бүгінгі «Мемлекеттік рәміздер -елдің қасиетті бой тұмары»
атты әдеби сазымызды бағдарламамызды ашық деп жариялаймыз.

-ҚР-ның Конституциясы 1995 жылы 30-тамызда референдумда қабылданды. Ол 9-бөлім
98-баптан тұрады. Соның 9-бабында: ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Әнұраны бар. Олардың сипаттамасыжәне ресми пайдалану тәртібі Конституциялық Заңмен бекітіледі.
34-бапта әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылған.
«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Жүргізуші: Мемлекеттік нышандарымыз:
Оқушылар хормен: Ту, Елтаңба, Әнұран
Жүргізуші: Тұғырлы туымыз.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді

«Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі.
Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді».
Нұрсұлтан Назарбаев
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен – тек
Елдің ашық қабағы.
АйныMayды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды
Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!
Жүргізуші: Еңселі Елтаңба.
Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шота Аман Уәлиханов.
Қазақта «Шаңырағың биік,керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.
Елтанбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұнқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!
Жүргізуші: Асқақтаған Әнұран.
2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде
«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.
Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.
Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Ән ұраным - жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім- сағынарым,
Жүрсем егер дүние кезіп.
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле
Жанып тұрар мың жанар.
Қазақстан рәміздері- елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Ән ұран, көңілдір ту, елтаңба,
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі.


Жүргізуші: Би: 6 «а» сынып қыздарының орындауында қазақ биі
Жүргізуші: Ән «Көк тудың желбірегені» орындайтын Жексен Ерасыл 8 «а» сынып оқушысы
Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.
Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,
Елтаңбасымен- Еңселі
Әнұранымен айбатты ел!

Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!