07
May
2022
«САРБАЗҒА ХАТ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін «Жібек жолы» мектеп-лицейінің оқушылары ҚР Қарулы Күштерінің 30 жылдығына орай, «Сарбазға хат» әскери-патриоттық акциясы шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілеріне қолына қаламын алып, Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген сарбаздарға хат жазды. Хат жазған балалардың арасында туған ағалары да әскер қатарында қызмет атқарып жүр екен. Балалардың хаттары еліміздің кез келген әскери бөлімшесіндегі нақты мекен-жайға, іні-қарындастарының сәлемдемесі ретінде ағаларына жолданды.
Бұл шара өскелең ұрпақ арасында әскери-патриоттық және Отансүйгіштік тәлім-тәрбиені қалыптастыруға бағытталды. Сонымен қатар, әскер қатарына жаңадан қабылданған сарбаздарға да психологиялық қолдау ретінде үлкен көмегі тиеді.
Мемлекетіміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген еліміздің барша азаматтарына мың алғыс!