"Жібек жолы" мектеп-лицейінде өткізілген "Адалдық алаңы" » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » "Жібек жолы" мектеп-лицейінде өткізілген "Адалдық алаңы"
13
февраль
2020

"Жібек жолы" мектеп-лицейінде өткізілген "Адалдық алаңы"

"Жібек жолы" мектеп-лицейінде өткізілген "Адалдық алаңы"
туралы мәлімет
Мектепте сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өзін жақсы, адал адам ретінде анықтауға мүмкіндік беру мақсатында мектеп асханасында «Адалдық алаңы» ашылды. «Адалдық алаңы» басты ерекшелігі — онда сатушының болмауы және сатып алушыларға қандай да бір бақылаудың болмауы. Мұнда сатылымда шырындар, сусындар мен пісірілген өнімдер қойылады. Қажетті тауарды сатып алушы ақшасын арнайы жәшікке салып кетеді. Дүкенге қойылған тауарды сатып алу немесе тегін алып кетуді оқушылардың ар-ожданы біледі!Барлық жауапкершілік осы акция адалдығына есептелген оқушылардың өзіне жүктеледі.
Мұндай жобаның ашылуы жастардың кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін қалыптастыруға ықпал етеді және балаларды адалдыққа, парасаттылыққа үйретеді.
"Жібек жолы" мектеп-лицейінде әр аптаның бейсенбі күндері "Адалдық алаңы" өткізіліп тұрады.

"Жібек жолы" мектеп-лицейінде өткізілген "Адалдық алаңы"