ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу,насихаттау дамыту жұмысын жүзеге асыру аясында апталық » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу,насихаттау дамыту жұмысын жүзеге асыру аясында апталық
03
November
2020

ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу,насихаттау дамыту жұмысын жүзеге асыру аясында апталық

2020 жылдың қазан айында оқушылырдың бойында ҚР Мемлекеттік рәміздерін құрметтеу,насихаттау дамыту жұмысын жүзеге асыру аясында апталық өтті. «ҚР Мемлекеттік Туының,Елтаңбасының,Гимнің шығу тарихы» тақырыбында мектеп кітапханашылары мен «Мәдени мұра »үйірме жетекшісі Ернаурызов З.Б. көрме ұйымдастырып оқушыларға білім сабағын өткізді. 12 қазан күні 0-11 сыныптар аралығында бірыңғай «Мемлекеттік рәміздер-еліміздің еңселі белгісі»тақырыбында сынып сағаты өтті.Лицейдің аға тәлімгері Затыбекова Э.Ө. 3-4 сыныптар арасындағы оқушылармен «Еліміздің рәміздері егемендігіміздің айғағы» тақырыбында сурет байқауын өткізді.Оған 60 оқушы қатысты.Апталық соңында байқауларға ,іс шараларға белсенді қатысқан сыныптар мен оқушылар алғыс хатпен,грамотамен марапатталады. «Жас жігер» үйірме жетекшісі Жиренбаева К.Д. 5-10 сыныптары арасында «Мемлекеттік рәміздер-елдің қасиетті бойтұмары» тақырыбында көркем сөз оқу байқауын жариялады.Оқушылардың Мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін анықтау мақсатында мектеп психологтары 2-4 сыныптардан «Мемлекеттік рәміздерді білеміз бе?» тақырыбында 16 сұрақтан құралған сауалнамаға жауаптарын алып нәтижесін шығарды.Бастауыш сыныптың 1-2 сыныптары Мемлекеттік рәміздерге арналған оқшауланған бұрышына саяхат жасап танысты.