Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жобалау технологиясының рольі » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жобалау технологиясының рольі
18
June
2020

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жобалау технологиясының рольі

Ұстаз ойшыл болмаса, шәкірт ұшқыр болMayды.
Халық даналығы
         Осы мақаланы жазу арқылы мен өз іс-тәжірибеммен бөлісіп , ұстаздарға өз сабақтарында білім алушылардың жобалық іс-әрекетіне  бағытталған тапсырмаларды ұйымдастыруға және жобалық жұмысты әзірлеуге көмек көрсету,өйткені біз білім беру адамзаттың ортақ мүлкіне айналған дәуірде өмір сүрудеміз. Бір жерде жаңалық ашылса, басқа жерде оны тез үйреніп үлгеруде. Біздің міндетіміз- дүниежүзіндегі  жаңалықтар мен дамуларды назарға ала отырып, одан да жақсысын, тиімдісін ұсыну. Олай етпесек көштен қаламыз,себебі барлық салада даму өте жедел жүзеге асуда. 
         Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес  мектепте кең ауқымды дағдылардың негіздерін қалыптастыру көзделіп отыр. Атап айтқанда, алған білімді функционалды және шығармашылық  тұрғыда қолдану; сыни  тұрғыдан ойлау; зерттеу жұмыстарын жүргізу; АКТ-ны қолдану; қарым-қатынастың әртүрлі амалдарын және тілдік дағдыларды қолдану; топта және   жеке жұмыс  істей алу дағдысының болуы.Жаңартылған білім беру кезеңінде білім алушылардың белсенді іс- әрекеттерін жүзеге асыруға бағытталған дағдыларды үйрету мақсатында мұғалімдер сабақта жобалау жұмысын жүргізу арқылы жоғарыда аталған кең ауқымды дағдыларды оқушы бойына қалыптастыруға  мүкіндік алады.
         Жобалау технологиясын өз іс-тәжірибеме  енгізу арқылы мен  оқушыларымның пәнге қызығушылығының артқандығын, жобалау технологиясын туралы түсініктері қалыптасып ғылымға құштарлықтары оянғанын байқадым.Жаңартылған білім беру кезеңде білім алушылардың белсенді іс-әрекеттерін жүзеге асыруда жобалау технологиясының мыңызы зор екендігін оқушыңыздың  сіздің пәніңізді сүйіп оқып,үлгерімінің жоғарлауы ол оқушының да,мұғалімнің де қол жеткен үкен жетістігі. Жоба жұмысының   өзекті  мәселелерін ұсыну себебім- мұғалім сабағын жоспарлауда аталмыш әдісті   қолдану  сабақтың қай кезеңінде тиімді болатындығын түсінуі керк. 
         Жобалау жұмысын топпен немесе жұппен, жеке ұйымдастыруға  да болады, уақытты тиімді пайдалана отырып оқушылардың дер кезінде формативті  бағаланбауы мүмкін.Бұл жағдайда баланың даму прогресін (дағдыларын) қадағалау жүзеге асырылMayды.Топпен жобалауда әр топ мүшесінің  жобаға қосқан үлесін айқындау арқылы мазмұндық бірлікке қол жеткізуге болады.Ал білім алушылардың  аралық мақсат пен  міндеттерді түсінбеуі олардың жетістікке жетуіне кедергі келтіреді.Олай болса, деректі таңдау және өңдеудің тиімді жолдарын қарастыру су асты тастарының болмауын қамтамасыз етеді. Сондықтан , жобалау жұмысын жүзеге асыруда «Көргеннен, білгеннен аспау, жоқты іздемеу- ой мешеулігі»дегендей әдісті қолданудағы қиындықтарды алдын ала түсініп,ізденген  жөн деп есептеймін.