Тәрбие процесіндегі тәрбие жұмысының моделі » Жібек жолы мектеп-лицейі
Zhambyl region
Municipal public institution
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
Education Department of Shu district
Reception room :
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Version for
visually impaired
» » Тәрбие процесіндегі тәрбие жұмысының моделі
18
June
2020

Тәрбие процесіндегі тәрбие жұмысының моделі

Zhambyl region, Шу қ. «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ернаурызов Зауирбек Болатбаевич
Тәрбие процесіндегі тәрбие жұмысының моделі
Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет.
Ұстаздар мен ғалымдардың Қазақстандық съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл - ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата - аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға сіздердің күш - қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды»,- деген.
Әбу Насыр Әл - Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» - деген екен.
Халық педагогикасы жалпы, қазақ халқы педагогикасы жеке алғанда көптеген ғасырлар бойына қаланды, өңделді және бүгінгі күнге өзіндік педагогикалық дәстүрлер мен көзқарастарды жеткізіп, сондықтан оқыту-тәрбиелеу жүйесінде лайықты орнын алуы керек. Жүргізіліп жатқан тәжірибелік-педагогикалық жұмыстар халықтық идеялар мен тәжірибені жеткіншек ұрпақ тәрбиесінің құрамды бөлігі болып табылатындығын сенімді дәлелдеуде.
Тәрбие процесінің тиімділігі қандай да бір техникалық жаңалықтарды, қандай да бір ерекше айла-тәсілдерді енгізу жолымен емес, дұрысында тәрбие процесінде халықтық, адамдық, гуманистік принциптерді күшейту жолымен көтеріледі. Оқытудан айырмасы тәрбиені жақсартуда шешуші роль жаңа ойлап табуларда емес, ал нақты халықтық негіздерді балалар мен ата-аналар, кіші және ересек балалар, балалар мен педагогтар, ата-анадар мен педагогтар және т.б. өзара байланысында мейлінше қайта жаңартуда; адамдар арасындағы қарым-қатынастарда жалпы, балалар арасындағы жекелей алғанда сезгіштік, қайырымдылық, сергектік, ақ пейілділік, ізгілік ақуалын туғызуда.
Contactsтың жақындығы мен қарым-қатынастың тығыздығы тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың шешуші шарттары бола алады.
Мектеп оқушыларының танымдық әрекетінің белсенділігін арттыратын және оқытудың тиімділігін жоғарлататын жаңаша әдіс-тәсілдер неғұрлым мол оқыту технологияландырылған болса, адамдық пен адалдылықтың, қайырымдылық пен мейірімділіктің халықтық дәстүрлеріне соғұрлым көп көңіл бөлу талап етіледі, демек, этникалық, этикалық және психологиялық құбылыстар мен мәліметтерге назар аудару мен соғұрлым көбірек болуы заңдылық.
Қазіргі таңда тұлға қалыптастырудағы алға жылжулар бүкіл ғылым және техникалық жетістіктерді оқыту процесінде тәрбиенің маңызды факторы ретінде барынша қолдау және халықтық пайдаланумен байланысты. Адамның әлеметтенуінде тәрбиенің халықтық дәстүрлері Қазақстан тәуелсіз алған қазіргі жағдайында қоғамдық жаңаруы мен демократиялануы ісіне қызмет етіп тиісті орнын алуы қажет.
Тәрбиелеу мен оқыту арасындағы үйлесімді сәйкестік жас ұрпақты қалыптастырып дамытуға жалпы халықтық назар аударумен және педагогикалық дәстүрлердегі бүкіл шынайы халықтықты қайта өркендетумен қамтамасыз етілмек. Қоғамдық рухани мәдениетте тәрбиелеудің таусылмас идеясы мен тәжірибесін сақтаушы халықтың «педагогикалық зердесі» жасампаздық роль ойнауға қабілетті.
     Педагогикалық әдеп мұғалімнің ең кәсіптік белгісі. Қандай да бір мамандықтың өзіне тән белгісі болатындығы сияқты. Мысалы, ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалуы мүмкін. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның мұғалімдік әдетінде. Әнші үшін үн, музыкант үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін әдеп сондай қажет. Қазір бізде ұстаздық шеберлік жайлы көп айтылып жүр. Мұның өзі заңды. Шеберлікті ұдайы шыңдаMayынша мектеп алдына қойылып отырған қыруар міндеттерді жүзеге асыру мүмкін емес. Сонымен, ұстаздық шеберік дегеніміз не?
  • Мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы, оларды өз 
ұлтының азаматы рухында тәрбиелеуі, ол үшін өз бойына осы қасиетті сіңірген адам болуы қажет;
  • Өз пәнін жетік меңгеру;
  • Оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру;
Бірақ осы айтылған 3 қасиет болғанмен, мұғалім оқушылармен қоян қолтық араласпаса, педагогтік әдеп жоқ жерде сабақ, тәрбие іске аспайды.
     Ұстаздық әдеп жайын сөз еткенде  біз әрдайым ғалымдардың зерттеулеріне назар аударамыз. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда «Ұстаз», «Тәрбиеші», «Мұғалім» деп қастерлі мамандықтың сыр-сипаты 200-ден астам компоненттерден тұрады.
     Педагогикалық әдепке анықтама беру үшін 3 түрлі көзқарасқа негізделеді.
     Біріншісі - педагогикалық әдеп оқушылармен қарым-қатынасқа жалпы адамзаттың әдептілік сіңіру, екіншісі – мұғалімнің жеке басының психологиялық ерекшелігі. Үшінші – мұғалім шеберлігінің жеке бір бөлігі.    Алғашқы екі көзқарас бойынша педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға деген сүйіспеншілігі, олармен шынайы қарым-қатынасы, олардың қадірін біліп силауы, қайырымдылық, ілтипаттылық, байсалдылық, сенімділік сияқты мінез қасиеттері қатарында қарастырылады. Үшінші көзқарас бойынша педагогикалық әдеп - оқушылармен дара ерекшелігі қажетті қарым-қатынастар орнату және сол қалпында ұстай білудегі арнайы кәсіби іскерлік ретінде қарастырылады. Оған жалпы педагогикалық амал-тәсілдердің едәуір бөлігі, жекелеп айтқанда педагогикалық тактика болып табылады. «Такт» латынша «тастуб» - «жанасу», «түйсіну» деген мағына, ал «тактика» грекше «тәртіпке келтіру» деген сөзден шықққан.
     А.С.Макаренко да педагогтік шеберлікті, тәрбие беру өнерін меңгеруге үлкен мән береді: «Менің педагогикалық тәжірибем туралы» баяндамасында ол: «... педагогтік шеберлік – тіптен бос іс емес... тәрбиеші шеберлігі ... дәрігердің өз шеберлігіне үйрету қандай керек болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай-ақ, музыкантты үйрету қандай қажет болса, тәрбиеші шеберлігіне де сондай үйретілуі тиіс», - дейді. Ол «тәрбие бере білу - өнер» деген дұрыс түйін жасады.
     Тәрбие жұмысының әдістемесі – белгілі мақсатқа жетудің амал, тәсілдің, құралдың жиынтығы деген едік. Ал әдістеменің екі түрі бар:
1.     Оқыту әдістемесі (әр пәннің)
2.     Тәрбие әдістемесі – бұл педагогикада оқылған кейбір тақырыптардың 
қатысы бар. Мысалы, тәрбие теориясы, тәрбиенің жалпы әдісі, сынып жетекшісі, азаматтық тәрбиенің салалары.
         Тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының президенті, өз отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс”. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет – ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі. Солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір, ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек. 
         Тәртіпсіздік істеген балаға қатаң сөз айтып керек емес, жылы сөзбен өзіне тартып, себебін өзіне айтқызып, істеген ісінің дұрыс бағытта еместігіне көзін жеткізу керек, бала деңгейіне дейін өзін кішіре білуің керек, әйтпесе ештеңе шығара алMayсың. 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, Литера, 2000,8-бап.
2. Ахмет Жүнісов «Бабалар дәстүрі» Алматы. 1992 ж.
3.Қазақстан педагогикасы .7-том.Алматы, 2003.
Аннотация
     В статье рассматривается роль школы в воспитании детей, изучение поведения и психологии учащихся в учебном процессе. Автор делится со своими опытами в определении решении ситуационных проблем в поведении учащихся.  
Annotation
         In this article  is  considered the role of school in the upbringing  of children study of behavior  and psychology of students  in educational process.Author shares his experiences in determining the solution of situational in the behavior of students .