17
апрель
2019
Әр күніміз мейіріммен басталсын!
Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылуы қажет. Қазір біздің елімізде түрлі қайырымдылық қорлары құрылған және әртүрлі қайырымдылық іс-шаралары өткізіліп тұрады.
Сондай іс-шараның бірі «Жібек жолы мектеп-лицейінде» де ұйымдастырылып, өткізілді. «Әр күніміз мейіріммен басталсын» атты іс-шараның мақсаты мектебіміздегі көмекті қажет ететін оқушыларға қол ұшын беру.Мектебіміздегі өнерлі оқушылардың ұйымдастыруымен өткізілген концерт барысында әннен шашу шашылып, мың бұралған биші қыздарымыз өздерінің билерімен көрермендерді тәнті етті. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы жеті кереметтің бірі «Аң стилін» көрермендерге көрсетті. Және де мектебіміздегі үйірме жетекшілері, атап айтсақ «Драма» үйірмесінің жетекшісі Г.Құрманбаева оқушыларымен сахналық қойылым көрсетті. «Робататехника» үйірмесінің жетекшісі А. Тлебалдиев оқушыларымен құрастырған робаттарын көпшілікке таныстырып, олардың қандай қызмет атқаратынын айтып түсіндірді. Сонымен қатар мектептің дәлізінде «Мәдени мұра» мен «Жас тілші» үйірмелерінің жұмыстары қойылды.
Қазіргі егеменді Қазақстанда қайырымдылық ең өзекті мәселелердің біріне айналды. Еліміздің болашақ жастары осы бағытта тоқтаусыз жұмыс істеулері қажет. Сондықтан да, әрқашанда қайырымдылық жасап, ізетті іс жасауға асығайық. Іс-шараны өткізуге ат салысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз. Әрбір адам шарапаты мол істерді жасауға атсалысса, нұр үстіне нұр болады. Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Алдағы уақытта да мұндай игі шаралар жалғасын тауып, көмекке мұқтаж жандарға демеу болу міндетіміз деп білеміз.