«Жібек жолы мектеп - лицейінде» «Қауіпсіз интернет» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » «Жібек жолы мектеп - лицейінде» «Қауіпсіз интернет»
15
апрель
2019

«Жібек жолы мектеп - лицейінде» «Қауіпсіз интернет»

«Жібек жолы мектеп - лицейінде» «Қауіпсіз интернет» акциясы аясында мектеп психологы Мырзақұлқызы Динара және мектептің дене шынықтыру пән мұғалімі Дүйсеке Ануар эстафеталық спорттық жарыс өткізді.
Іс – шараға 5 «А»,5 «Ә»,5 «Б»,5 «В»сыныптар қатысты. 
Іс шараны төрелік еткен әділ қазылар алқасы:
- мектеп директоры: Джангарашева Ардақ Төлепбайқызы
- ДТІЖО: Ордабаева Ризат Равшановна
- дене шынықтыру пән мұғалімі: Самондарова Гульмайра Гуламовна

6 «А» сынып оқушыларының «Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты тақырыпта флешмоб ұсынды.

Сайыс 6 кезеңнен тұрды.

1. Үй тапсырмасы.
2. «Гимнастикалық шеңберменадамтасу»
3. «Қаңбақ шар» (шарды апару)
4. «Шар үрлеу»
5. Кім жылдам? (есептер шығару)
6. Капитандар сайысы. (мақал-мәтелдердің жалғасын табу) 

Әр сайыс кезеңі «5», «4», «3», ұпайлармен бағаланды.
1. Үй тапсырмасы.
Шарты: (топтың аты, ұраны, мүшелерін таныстыру (3-5 минут), өздері таңдаған музыкаға таңертеңгілік жаттығуды көрсету;
2. «Гимнастикалықшеңберменадамтасу»сайысы. 
Шарты: 1 Бала шеңберді беліне салып, кедергілермен жүгіріп келіп 2-ші баланы шеңберіне салып алып жүгіреді. Сөйтіп 3-ші,4-ші.... кете береді. (Ойыншылар жарыса бастайды) 
3. «Қаңбақ шар»
Шарты: шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кету керек. (Ойыншылар жарыса бастайды) 
4. «Шар үрлеу»
Шарты: қай команда шарды тез үрлейді. 
5. Кім жылдам? Шарты: әр топ мүшесі скакалкамен жүгіріп барып, берілген есептерді шығарды.
6. Капитандар сайысы. Шарты: топ басшылары мақал-мәтелдердің жалғасын тауып жарысты

«Жібек жолы мектеп-лицей» директоры: Джангарашева Ардақ Төлепбайқызына сөз берілді.
Сайыс соңында төрешілердің шешімімен жеңімпаз топ белгіленді. 
1 – ші орынды 5 «А» сыныбы
2 – ші орынды 5 «Ә» сыныбы
3 – ші орынды 5 «Б»,5 «В» сыныптары иеленіп, мақтау грамоталарымен марапатталды.

«Жібек жолы мектеп - лицейінде» «Қауіпсіз интернет»
«Жібек жолы мектеп - лицейінде» «Қауіпсіз интернет»