«Мәңгі ұмытылмас ерлік!» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » «Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
19
февраль
2019

«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»

«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
09.02.2019 жылы «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ базасында «Ауған соғысының ардагерлеріне 30 жыл» тақырыбында мектептер арасында баскетбол турнирі өткізілді.
Шараның басты мақсаты өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу болды.
Турнирге «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ, Төле би атындағы орта мектебі, Макаренко атындағы орта мектебі, №40 орта мектебі мен М.Дулати атындағы орта мектебінің оқушылары қатысты.Турнирдің ашылуы 1 минуттық үнсіздікпен басталды, соңынан Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды.
Алғашқы сөз «Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ директоры А.Т.Джангарашеваға берілді. Келесі сөз кезегін алған арагерлер Турысбаев М.Р. пен Молдамұратов К. турнирге қатысушыларға ізгі тілектерін білдірді. Мектеп басшысы турнирге қатысушыларға сәттілік тілеп, «шара ашық!» деп жариялады.
Жеребе нәтижесімен алғашқы допты «Жібек жолы мектеп-лицейі» лақтырды. Бұл турда мектеп- лицей М.Дулати атындағы орта мектебінің ойыншыларымен бастады. Ойын кезегі өте қызықты өтті. Әр кезекті жарыс төрешісі әділмен отырды.
Турнир өз мәресіне келесі нәтижемен жетті: І орын - «Жібек жолы мектеп-лицейіне», ІІ орын -Толе би ат. орта мектебіне және ІІІ орын - Макаренко орта мектебіне тиесілі болды. Ауған ардагерлері де жеңімпаздарды өз тарапынан сыйлықтармен марапаттады. Шара соңы естелікке суретке түсу рәсімімен аяқталды.
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»
«Мәңгі ұмытылмас ерлік!»