Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған. » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған.
08
декабрь
2023

Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған.

Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы
Қазақ бала тәрбиесіне қатысты «Тәрбие- тал бесіктен» деген сөзді бекер айтпаған. Даналығы мен даралығын, тәрбиесі мен өнегесін өсиет сөздерге сыйдырған халқымыз бұл мәселеге ерекше мән берген.
        Баланың ақылды, әдепті болып өсуі- ата-ананың мерейі. Қоғам бала тәрбиесінде алшақ қалмай, мектеппен бірге қимыл жасау керектігін уақыт дәлелдеуде.
Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас орнатуға ықпал ету,  кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық жасаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында 2023  жылдың  7 желтоқсан күні Жібек жолы мектеп-лицейінде ата-аналар жиналысы өтті. Шу ауданы әкімінің орынбасары Сұлтанбаев Найман Кенжеханұлы, Шу ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қойториев Дінмұхамед Лашынбайұлы, Коммунальное государственное учреждение әдіскері Асқарбек Айғаным ханымның қатысумен өткен ата-аналар жиналысына мектептің қамқоршылық кеңесінің мүшелері мен мектепішілік ата-аналар төрайымы Омарбекова Азиза Шайдулиновна шақырылды. 
            Жиналысты мектеп директоры Г.Тұрлыбек жүргізді. Жиналысқа қатысушылар көтерілген мәселеге қатысты терең ой қозғады. Жиналыс соңында    қонақтар ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, күн тәртібіндегі қаралған мәселені қорытындылады.

Похожие публикации: