Облыстық Шерхан оқулары байқауының жеңімпазы Жәния әріптесімізді құттықтаймыз! » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » Облыстық Шерхан оқулары байқауының жеңімпазы Жәния әріптесімізді құттықтаймыз!
29
сентябрь
2023

Облыстық Шерхан оқулары байқауының жеңімпазы Жәния әріптесімізді құттықтаймыз!

Облыстық Шерхан оқулары байқауының  жеңімпазы Жәния әріптесімізді құттықтаймыз!!!
Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Жуалы ауданы әкімдігімен бірлесіп Шерхан Мұртазаның  туған күніне орай Шерхан оқулары байқауы  Жуалы ауданында өткізілді. 
Байқауға аудандар мен Тараз қаласынан келген 17-35 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты. Байқау 4 кезеңнен тұрды. 
I кезең Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы тың деректер мен қызықты мәліметтерден бейнеролик көрсету.
II кезең “Аңыз тұлға-Шер-Аға!» кезеңінде ұяшық таңдау арқылы жазушы туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.
III кезең “Шырақшысы шындықтың» кезеңінде Шерхан Мұртазаға арналған арнау өлеңдерді мәнерлеп жатқа орындау.
IV кезең 
Бір кем дүние" бөлімінде Ш.Мұртаза 
шығармаларынан жатқа үзінділер оқыды.
     Шу ауданының намысын қорғап, “Жібек жолы “ мектеп -лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Алменова Жания Хасеновна қатысып, жүлделі I дәрежелі дипломымен  және ақшалай сертификатпен марапатталды. 
Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз.