26
сентябрь
2023
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары
Оқу жылына арналған мектепішілік бақылау жоспары "Орта ,техникалық және кәсіптік,орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы"МОН РК -нің 2020 жылғы 6 сәуірдегі 130 бұйрығына сәйкес дайындалады.Осы орайда 26 қыркүйек күні "Жібек жолы мектеп -лицейі"директоры Г.Қ.Тұрлыбек Шу ауданының мектеп директорларына "Мектепішілік бақылау-білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету механизмі" тақырыбында тәжірибелік семинар өткізді. МІБ жоспарының 6 бағытына егжей-тегжейлі тоқтап, өткен оқу жылының аналитикалық талдауына сүйене жасаған SWOT талдауы арқылы өз тәжірибесімен бөлісті. Жоспарлау кезінде SMART критерийлеріне ерекше назар аударуды еске салды. Мектепішілік бақылауды тиімді жүзеге асыру бойынша сұрақтарға жауап беріп, әріптестер пікірін тыңдады. Семинар қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.




