«Бала қауіпсіздігі – басты міндет» тақырыбындағы ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі.
«Бала қауіпсіздігі – басты міндет» тақырыбындағы ата-аналар жиналысының жүргізілу тәртібі.
Күн тәртібінде:
1. 1. 2022-2023 оқу жылының қорытындысы туралы мектеп директорының есебі.
Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы
2. «КГЛ және қызылша ауруынан сақтану жолдары»
Хабарламашы Кульжанова Жаннур Сериковна
3. Әр түрлі мәселелер
ІІ жартыжылдық қорытындысы туралы мектеп директорының
Тұрлыбек Гүлбарам Қайшыбекқызы
есебі
2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында «Жібек жолы мектеп-лицейі» 43 сынып-жиынтығына 780 оқушы қамтылды. І жарты жылдықпен салыстырғанда 80 оқушыға азайды.
Оқушы саны | Оқушылар қозғалысы | |
І жж | 868 | |
ІІ жж | 780 | -80 |
Оқушылар мен мұғалімдердің бауқауларға қатысып жеткен жетістері:
№ | Аудандық олимпиада жүлдегерлері | Облыстық олимпиада жүлдегерлері | Республикалық олимпиада жүлдегерлері | Ғылыми жоба жүлдегерлері | Преподаватели байқауының жүлдегерлері | Онлайн байқауының жеңімпаздары |
1 | 51 | 13 | 2 | 13 | 16 | 232 |
Оқушылар түрлі пән олимпиадасымен жарыстарға қатысып
51 аудандық
13 облыстық
2 республикалық нәтижеге жетсе, ғылыми жоба байқауның аудандық, облыстық кезеңінен 13 оқушы жеңімпаз атанды.
Мұғалімлер арасынан 16 мұғалім түрлі байқауларға қатысып жүлде иеленді.
232 оқушы онлайн байқауларының жеңімпазы атанды.
Білім сапасының мониторингі
Озат оқушы
Екпінді оқушы
Үлгерімі төмен оқушы
ІҮ тоқсан соңына жалпы 774 оқушы, инклюзивті – 2, үйде оқитын бала саны – 3.
Аз қамтылған отбасы балаларының ыстық тамақпен қамтылуы туралы
2022-2023 оқу жылының ІІ жарты жылдығында аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 1-4 сынып аралығында 20 оқушы, 5-9 сынып аралығында 17 оқушы, 10-11 сынып аралығында 4 оқушы жалпы 17 отбасынан шыққан 40 оқушы, жергілікті бюджеттен тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. 1 күндік ыстық тамақтарының бағасы 450 тг. құрайды.
Мектепте тамақтың уақтылы берілуін, асхананың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын, ас мәзірінің дұрыс құрылуын, өнімнің сапасы мен шығу мерзімін қадағалау мақсатында мектепте бракераждық және мониторингтік комиссия құрылған. Бір мезгіл тегін ыстық тамақтың ас мәзірі аудандық білім бөлімінен жыл мезгілдеріне сай жаздық-күздік, қыстық-көктемдік болып жылына екі рет беріліп отырады.
Мектеп әкімшілігі құрылған комиссия мүшелері асхана жұмысына зерделеу жүргізіп, бір күндік сынаманы, ас мәзірін, асхананың тазалығын, тоңазытқыштарды, азық-түліктердің жарамдылық мерзімдеріне бақылау жүргізеді.
Перспективалық ас мәзіріне сәйкес ыстық тамақ күнделікті беріліп, қадағаланып отырылады. Тағамдарды дайындау технологиясы ас мәзіріне сай, беріліп отыр. Аспазшылардың формасы таза жұмыс орны да талапқа сай. Шағым және ұсыныс журналы бар. Күнделікті тамақтың сынамасы алынады. Мектеп асханасында санитарлық талаптар сақталған.
Оқушылардың лагерьге баруы
сынып | Аз қамтылған отбасынан | Лучший және облыстық, республикалық жетістіктері бар оқушылар |
8сынып | 2 оқушы | |
9сынып | 1 оқушы | |
7сынып | 1 оқушы | |
6сынып | 1 | |
5сынып | 2 оқушы | |
4сынып | 2 оқушы | |
3сынып | 1 оқушы | |
5сынып | 3 оқушы | |
6сынып | 1 оқушы | |
8сынып | 1 оқушы |
Жаз мезгілінде қала сыртындағы сауықтыру лагерінің болатын уақыты мен өтетін орны алдағы уақытта білім бөлімінен нақтыланып хабарланатын болады.
2023-2024 оқу жылына балаларды 1ші сыныпқа қабылдау
2023-2024 оқу жылына балаларды 1ші сыныпқа қабылдау 1 сәуірден басталды. Балаларды қабылдау егов парталы арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі күнге 2 қазақ сыныбына 46 оқушы. Орыс сыныбына 18 оқушы қабылданды. Жаңа оқу жылында мектепте МАД тобы мектептің сыйымдылығына және МАД тобына ыңғайластырылмағанына байланысты болмайтынын ескертемін.
Мектеп оқушыларының сабаққа қатысу мен мектептегі тәртіп бұзушылық туралы
«Жібек жолы мектеп-лицейі» КММ 2022-2023 оқу жылының 3-4 тоқсанында оқушылардың сабаққа қатысуы қатаң түрде күнделікті қадағалануда. Кестеде байқағандарыңыздай, жекелеген оқушылардың сабақтардан себепсіз қалатындығы Күнделік КЗ электронды журалдан байқалып отыр.
Мектеп оқушылары арасындағы тәртіп бұзушылық орын алған сыныптар қатарында (төбелесу, ұрысу, анайы сөздер қолдану) 7в, 8ә сыныптары бар.
Жасөспірімдердің құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында аудандық білім бөлімі, ішкі істер бөлімімен бірлескен рейдтік іс шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Бүгінгі күнге жүргізілген рейдтер барысында «Жібек жолы мектеп-лицейі» оқушылары тіркелген жоқ. Мектепішілік есепке алынған оқушы саны -3, ИДН есебінде тұрған бала жоқ. Жайсыз отбасынан балалар жоқ.
Құқық бұзушылықтың алдын-алу, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында 56 бейнебақылау орнатылған. Бәрі жұмыс қалпында.
Оқушылардың мектеп формасын ұстануы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды» орындау мақсатында мектеп оқушылары бекітілген мектеп формасын сақтауы тиіс / ұлдарға- көк түсті шалбар, пиджак, жилет, ақ жейде, галстук; қыздарға- көк түсті пиджак, жилет, ақ жейде және белдемше тізеден жоғары 5см аспауы керек мен галстук.
Білім беру ұйымының ішкі тәртіп Ережесіне сәйкес мектеп оқушыларына мектепке бағалы заттар, оның ішінде ұялы телефонды сабақ кезінде пайдалану,
әшекей бұйымдар, үлкен сомадағы ақшалай қаражат әкелуге тыйым салынады. Әйткенмен де мектепке алтын сақина, алқа тағып келетін оқушылар кездеседі.
Бейнебақылау камералары
Оқу жылының басынан мектепте 24 бақылау камералары болды. Мамыр айында мектепке қосымша 32 камера орнатылды. Оның 10 мектеп сыртына, 22 камера мектеп ішіне орнатылды.
Өрт қауіпсіздігі
Сәуір айында мектеп ішінде өрт дабылдары ауыстырылып, қосымша дабылдар орналастырылды. ОП-5 ұнтақталған өртсөндіргіштерінің 110 данасы жаңартылып қойылды.
Велотұрақ
Мектеп ауласында велотұрақ жарақталды. Мектепке 20дан астам оқушы велосипедпен қатынайды. Велотұрақ орны камерамен бақыланады.
Оқушылардың мектепке қатынауы.
№ | Сыныптар | Жалпы оқушылар саны | Мектепке ата-анасымен келіп-кететіндер саны | Таксимен келетін оқушылар саны | Қоғамдық көлікпен келетін оқушылар саны | Жаяу келетін оқушылар саны | |
Алыстан келетіндер | Жақында келетіндер | ||||||
1 | Бастауыш | 288 | 189 | 34 | - | 19 | 93 |
2 | 5-6 сыныптар | 192 | 108 | 16 | 13 | 55 | |
3 | 7-9 сыныптар | 199 | 49 | 31 | 20 | 99 | |
4 | 10-11 сыныптар | 95 | 19 | 18 | 9 | 54 | |
Барлығы | 774 | 403
| 99 | 61 | 301 | ||
Құрметті ата-аналар, жиынға қатысушылар!
Әр ата-ана дүниеге дені сау ұрпақ әкеліп, азамат тәрбиелеуді мақсат етеді. Осы жолда сіз бен бізге артылған жүк салмақты екендігін ұмытпай, міндеттерімізге жауаптылықпен қараған жөн. Тәрбиелеп отырған балаларыңыздың бақытына бөленіңіздер!
Назарларыңызға рахмет.