03
февраль
2023
Жас мамандарға арналған аудандық семинар-практикум

2023 жылдың 2 ақпан күні «Жібек жолы»мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндер бірлестігінің айлығы аясында «Табысты оқыту және құзырлы мұғалім» тақырыбында жас мамандарға арналған аудандық семинар ұйымдастырылды. Семинарға аудандық білім бөлімінен әдіскерлер және аудан мектептерінің қазақ тілі және тарих пәні мұғалімдері,жас мамандар қатысты. Аталған іс-шарада мектеп директоры Тұрлыбек Г.Қ. «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін анықтау және деңгей бойынша іріктеу» тақырыбында жас мамандарға оқыту семинарын жүргізді.Мектеп психологы Шауенова Ш.келген қонақтарға жақсы көңіл-кдомсыйлау мақсатында тренинг жүргізсе,қазақ тілі пәні мұғалімі Адамбекова Л.Т. тарих пәні мұғалімі Бекболатова Э.С. шебер-сынып өткізді,қазақ тілі пәні мұғалімі Мырзакулова С.А., тарих пәні мұғалімі Сембекова А.Е ашық сабақтар өткізді.Семинар аясында жерлесіміз суретші,мүсінші Қали Қораласбаевпен «Көшбасшыға 100 сұрақ»тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды.Кездесуде оқушылар көшбасшыға АБВ секторында сұрақтар қойып,өнердің қыр-сырынан хабардар болды.Өнер иесі кездесудің соңында креативті сұрақ қойған оқушыларға жеке шығармашылығынан туындыларын сыйға тартты.Ұйымдастырған ұстаздар аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.