«Білектей арқасында өрген бұрым...» » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » «Білектей арқасында өрген бұрым...»
01
февраль
2023

«Білектей арқасында өрген бұрым...»

«Білектей арқасында өрген бұрым...»  
Қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәндерінің айлығы аясында 6-10 сыныптар  аралығында  «Бұрымды қыз» байқауы өткізілді. Әр нәрсеге мән беріп қараған ойлы халқымыз қашан да сұлудың көркі – шаш, шаштың көркі – шаштеңге деп қараған. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткенді шашы мен түр-тұлғасына қарап бағалаған. 
 Байқаудың мақсаты: Ең шашы ұзын қызды анықтап,қазақ қызына тән мінез-құлықты дәріптеу. Салт-дәстүрімізді білу,  құрметпен қарау.  Сахнада өзін ұстау, мәдениетті сөйлеу, өз ойын жеткізіп айта алу.  
Сайыста аруларымыз ұзын шаштың өсіру формуласымен таныстырып,ұзын шашты өсірудің құпиясымен бөлісті.Сайыстың соңында Бас жүлде 10 «А» сынып оқушысы  Елібай Д, I орын 7 «В» сынып оқушысы Эльрих А , II орын 9 «Б» сынып оқушылары Әділбекқызы А және Әділбекқызы Ж, III орын 7 «А» сынып оқушысы Сейткерім Айша иеленді.Қалған қатысушылар алғыс хатпен марапатталды.