Түлекпен кездесу » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
20
апрель
2022

Түлекпен кездесу

Бүгін, 20 сәуірде «Жібек жолы мектеп-лицейінде» «Жомарт түлек» жобасы аясында 1995 жылғы мектептің алғашқы түлектерінің бірі Нұртаева Гүлбайрам Сейітжановнамен кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты: «Жомарт түлек» жобасы аясында түлектеріміздің табысты өмір жолын үлгі ету, мектеп оқушыларының болашақта таңдайтын мамандықтарын дұрыс таңдай білуге бағыт-бағдар беру.
Келген түлегіміз қазіргі таңда жеткен жетістіктеріне мектеп қабырғасында алған білімінің, оқуға деген құштарлығының, аянбай еңбек етуінің арқасында жеткенін айтып өтті. Өзінің ағылшын тілі мамандығын таңдағанына еш өкінбейтінін, ұстаздық жолда жүргенін мақтанышпен айтатынын жеткізді. Соңында сұрақтар қойылып, қызықты мектеп өмірінен естеліктер айтылды.