«Оқуға құштар мектеп» жобасы » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы
09
апрель
2022

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Жібек жолы мектеп-лицейіне» «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды зерделеу мақсатында 2022 жылы сәуірдің 7 күні әдістемелік орталықтың ғылыми әдістемелік қызмет басшысы Аманкүл Бастаубайқызы бастаған топ лицейге ат басын бұрды. Келудегі басты мақсат кітапхананың жай-күйімен танысып, әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету. Лицейдің заманауи кітапханасында атқарылып жатқан жұмыспен танысты.
Сонымен қатар, лицейдің ұлағатты ұстазы Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері Қозыкөрпешова Жұмакүл Қаракуловна өзінің 2 «В» сыныбымен сынып ішіндегі ашқан кітапханасымен таныстырды. Келген қонақтар бүлдіршіндердің жұмысына дән риза болып, бастамаларына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.