14
декабрь
2021
Самбетбай Есалиевтің құрметіне арналған шахмат турнир
«Жібек жолы мектеп-лицейінде» 13.12.2021ж күні 5 «б», 5 «в» сынып оқушыларының арасында педагог және соғыс ардагері Самбетбай Есалиевтің құрметіне арналып шахмат турнирі өткізілді.Оқушылардың дүниетанымын кеңейту,ойлау қабілеттерін дамыту мен қоса математика,геометрия,физика пәндеріне қызығушылықтарын арттыру –шахмат түрнирінің негізгі мақсаты болды.Турнирді өткізуге демеушілік еткен Есалы отбасы.Турнирдің барысында женімпаздар марапаттау қағаздары мен демеушілердің сыйлықтарын иеленді.




