"Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу » Жібек жолы мектеп-лицейі
Жамбылская область
Коммунальное государственное учреждение
"Жібек жолы мектеп-лицейі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72643)2-20-52
Әкімші бөлімі:
+7(72643)2-19-76
Версия для
слабовидящих
» » "Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу
13
март
2021

"Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу

Шу каласы "Жібек жолы мектеп-лицейінде" 2021 жылдың 11.03 күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбылская область бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Төлебаев Равиль Куанышбайұлы, Жамбылская область бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхиевна , "Жаңару" жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысының Жамбылская область бойынша жетекші, департамент жанынан құрылған ақпараттық - ағартушылық штабының жетекшісі Төлендиев Қасымхан Естемесұлы , Коммунальное государственное учреждение басшысы Жинақбаева Мубарак Касымовна мектебімізде құрылған "Адал-ұрпақ" еріктілер клубының мүшелерімен кездесу өткізді.Кездесу барысында қонақтарымыз "Адал-ұрпақ" еріктілер клуб мүшелеріне адамгершілік,адалдық түсініктеріне байланысты сұрақтарын қойып, болашақта қандай мамандықты таңдап отырғанғандығы туралы, "Адал-ұрпақ" клубының атқарып жатқан жұмыстары туралы сауалдар қойып, оқушылардың ойларын тыңдады.





"Адал- ұрпақ" клубының белсенді оқушылары Орынбасар Хадиша, Жанарқұл Самал, Ерхан Айнур,Әбілбек Ерасыл өз ойларын анық әрі еркін жеткізіп, белсенділік танытты. Қонақтарымыз жастарға қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп,осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болатынын айтып, сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек деп айтып өтті.